Құрамына қарай.
1)Дара:Он бала,жиырма қалам,жүз кітап.
2Күрделі:Екі мың тоғызыншы жыл,жүз он бес шақырам.
Мағынасына қарай.
1)Есептік:Бір,екі,бес,он,жүз,мың.
2) Реттік:Бірінші,жетінші,оныншы,мыңыншы.
3)Жинақтық:төртеу,бесеу,алтау,жетеу.
4)Болжалдық:1)жүздеген,мыңдаған.
2)елулерде,ондарда.
3)он-он бес,қырық-елу.
4)жүз шамалы,мыңға жуық.
5)Топтау:Екі-екіден,бес жүзден.
6)Бөлшектік:1/4(төрттің бірі),уш ширек,
2/5(бестен екі),екі жарым.
Арқалық... өз уақытында 50 мың халқы бар, 50 жылдық тарихы бар, шағын болса да, әдемі әсем қалалардың бірі еді. Алайда, сонау қиын-қыстау кезеңді көтере алмаған жұрт сыртқа ағылып, соның салдарынан біршама мөлтек аудан қаңырап бос қалып, соңы бірінші қабатынан аспан көрінетін қирандыларға айнала бастады. Тек қаланың әйтеуір бір қалмасына сенімді тұрғындар ғана өз орындарын суытпай, қаңырап бос қалған үйлерде қала берді. Біз де сол тұрғындардың қатарында болатынбыз. Мөлтек ауданымыз бос қалуға қалған шағында, тәуір деген қала орталығына көштік. Сол үйімізде әлі күнге дейін тұрып келе жатырмыз. Бірақ, «Жыртық үйдің Құдайы бар» демекші, Елбасымыз Қазақстанымыздың экономикасын алға шығарып, тынымсыз еңбек етуінің арқасында, біздің қала ұмтылған қалалардан ауылы алыстай бастады. Жұрт – жылу, жарықты жылдар бойы көрмей, қиын-қыстауға көніп, қала жағдайы түзеле бастаған шағында, ұйқысынан оянған баладай күй кешті. Бірақ, жылдар бойы «ұйқыға» кеткен қаламыз оянып, адамдарға жаңадан жұмыс орындары табылып, бірнеше үйлер мен жатақханалар, балабақшалар салына бастады. Адамдар бұрын бір күнін ғана ойлайтын жағдайда болса, енді міне болашағын ойлайтын жағдайда. Мен бұларды бір кітаптан көшіріп жазып алған дүниелер емес, бала болсам да есімдегі күндер, ата-анамның қыстан бізді қалай болса да ашықтырмай, тоңдырмай алып шығамыз деген ойлары басым болғанын көрген соң жазылып отырған дүниелер. Халыққа жұмыс болмай, құр нан мен қара шаймен отырған күндеріміз де қаншама. Бірақ, мұндай қиындықтардың өзі де бір сабақ сияқты, төзімділік пен сабырлыққа үйретеді. Қаланың қазіргі жағдайы мен, қала халқының көңіл-күйі қазіргі кезде алайда мұндай емес. Басқа қалаға жан сауғалап кеткен жастар мен адамдар қалаға қайта оралып, өз туған қаласына еңбек етуде. Қайда барсаңда адамдардың көңілі жайдарлы, өзіңе бір қуаныш ұялатқандай. Қаламыз күннен-күнге алға жылжуда. Қала орталығы да, шеті де құрылыс үстінде. Саябақтарда ағаштар отырғызылып, жастар дем алатын орындар пайда болуда. Қала көшелері де тазарып, гүлзарлар күтулі, қарай берсең – көз тоймас, жаза берсең – сөз жетпес. Әрине, басқа әсем қалаға жете алмас, алайда өз туған қалам бәрінен де көрікті, бәрінен де ыстық болып тұрады. Жазғы демалыста басқа қалаға барып қыдырып қайтамын, бірақ өз қалама жеткенше асығамын. Қазіргі қаламыз мүлде басқа қала, әсем де көрікті қала!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сочинение на тему национальная казахская одежда, на казахском языке
Тақия
Тақия
Ерлердің жеңіл бас киімі . Тақияныңтүрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақиядатеңге, моншақ, ғана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіл сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елі дей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матам ен әдіптен көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілен шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақияжасап шығарады.
Айыр қалпақ
Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі . Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақкиізден тігіледі . Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі және етегі (кейде қайырмалы деп те айтады) .Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиындыкиізді арасына қара барқыттан сыздықсалып, қайып тігеді . Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі . Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді . Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді . Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр-қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр
Жарғақ шалбар
Иленіп, әбден өнделген жұқа терініқазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақшалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.
Тымақ
Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді.
Байпақ
Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін киізден тігетінаяқ киім. Қыста киетіп байпақтық киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады.Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі .табанын бөлек салып ұлт арып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтық тігісі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді . Тігуге түйе немесе қой жүнінен иірілген шуда жіптіп айдаланады. Жүннентоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Ерте кезде оны шұлғау орнынакиіз байпақтың ішінен кию үшін де пайдаланған. Қазіргі кезде бәтеңкенің, қысқа қонышты етіктің, мәсінің ішінен киеді. Байпақ түйе жүнінен, қой жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мұндай байпақтар әрі жылы, әрі жеңіл әрі жұмсақ болады.