Барысы:
«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Казталовка орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Оқушылар сәлемдемесі (20 оқушы)
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы: Рахмет Сая.
2-жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі.
1-жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Молю-! 20 ! мне нужно перевести на казахский (не с переводчика, проверяется) 1. не умеешь плавать – не купайся на глубоком месте, не надейся на надувной матрац или иные плавсредства – они могут выскользнуть из-под вас и вы утонете. 2. не заплывайте далеко, можно устать и не доплыть до берега. 3. надувные средства (камера, матрац) могут «уйти» от вас, и если плавать не умеете, то можете утонуть. 4. не ныряйте в неизвестном месте и на мели, так как можно удариться головой о дно или какой-либо предмет. 5. не играйте на глубине с погружением головы в воду, можно захлебнуться. 6. не плавайте в лодке без средств жилета или круга 7. не шалите в лодке на воде, можно опрокинуться. 8. не подплывайте к дебаркадерам, баржам, – может затянуть под днище. 9. не зная брода, не переходите речку. можно попасть в яму.
2. Жағадан алысқа жүзбеңіз- шаршағаннан жағаға жете алмай қалуыңыз мүмкін.
3. Үрленген заттар (камера, матрац) сізден "кетіп" қалуы мүмкін, егер жүзе алмайтын болсаңыз, онда суға батып кетуіңіз мүмкін.
4. Білмейтін жерде суға сүңгімеңіз, баспен түбіне немесе қатты затқа соғылуыңыз мүмкін.
5. Басыңызды тереңге батырып ойнамаңыз, тұншығып қалуыңыз мүмкін.
6. Құтқару заттарынсыз қайықта жүзбеңіз. ( құтқару жилеті және дөңгелек)
7. Су бетіндегі қайықта ойнамаңыз, аударылып кетуіңіз мүмкін.
8. Кемелерге, баржаларға жақын жүзіп бармаңыз, су түбіне тартып кетуі мүмкін.
9. Жолын білмей арықты кешіп өтпеңіз. Шұңқырға түсіп кетуіңіз мүмкін.