zeltos384
?>

Выполните следующее . мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер. қосымша материалдан жинақтап экспонаттар туралы мәліметтерді дайындаңдар

Казахский язык

Ответы

Nikolaevich1534
Мәтін қайда~???)
nekrasovaolga27

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, өз елін жарқын болашаққа жетелеген көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономиканы дамыту, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну, Мәңгілік Қазақстан жобасы осы мақсатқа жеткізетін ұлы бастама. Мәңгілік ел болу- біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Мәңгілік сөзі ата- бабалардан келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазына. Ол ана тілмен де тығыз байланысты. Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Еліміздің ертеңі - жастардың қолында. Сондықтан да біз Елбасын қолдап, сабағымызды жақсы оқып еліміздің өркендеп өсе беруіне өз үлесімізді тигізуіміз керек. Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Қазақстан 2050 Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы ең мәртебелі жол деген Президентіміз. Олай болса мәңгілік елдің онымен қатар жасап бірге дамыған мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол мемлекеттік тілі қазақ тілі. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді дамыту жөнінде шаралар жүзеге асырылуда. Қазақтың армансыз адам қанатсыз құспен тең деген даналығы бар. Біздің ата-бабаларымыздың басты арманы Тәуелсіздік болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Білікті мыңды жығар дегенді өмірдің өзі дәлелдеуде. Сондықтан да өркениетті елдердің қатарына ену үшін сапалы білім алып, оны ел мұратына пайдалана білуіміз керек. Бұл біздің, яғни, оқушылардың алдына қойған мақсаты. Олай болса ана тілімізді де мәңгілік тіл ету - өз қолымызда. Сондықтан да рухы биік ел болайық! Елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

vikashop269
Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде туындап жатқан жағдайлар, адам айтса сенгісіз оқиғалар кез-келген жанды бей жай қалдырмайтыны анық. Бүгінгі күні бізді байланыстырып қана қоймай, ырқымыздан тыс өз дегеніне көндіріп, көгеніне жіпсіз байлап алған билеуші күш бар. Ол интернет. Соның ішінде Facebook, Instagram, Whatsapp, BK т.б сияқты әлеуметтік желілерді бүгінде мектептегі балалардан бастап, егде жастағы адамдарға дейін пайдаланып, тұрақты тұтынушыларына айналған.

Осы кезекте әлеуметтік желінің пайдалы жақтарын тоқталып өтсек. Бұл арқылы адамдар таныстарын, достарын, әріптестерін тауып, олармен байланыста бола алады. Сондай-ақ қазір әлеуметтік желі арқылы өз бизнесін жүргізіп отырғандар бар. Өйткені бұл ақпарат алмасудың тиімді әрі арзан жолы. Әрбір адам өзіне тиесілі ақпараттарын ешқандай шығынсыз жариялай алады. Мысалы: Жұлдыздар өздерінде болып жатқан жаңалықтарымен, суреттерімен бөліссе, ақын жазушыларымыз оқырмандарына шығармаларын жариялап, әртүрлі компаниялар өздеріне жұмысшы іздеуде желінің көмегіне жүгінеді. Сонымен қатар, желідегі қызықты топтарға тіркеліп, өз ойларыңызбен қызығушылықтарыңызбен бөлісе аласыз.
Ал, зиянды жақтарына келсек, Қазірде әлем халқының 60%-ға жуығы бетпе-бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдесуді жөн санайды. Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден аластатады. Бұл әсіресе жастар арасындағы күрделі мәселе. Күн-түнімен желіні пайдаланатын бала жан-жағындағы адамдармен шынайы араласудан қалады. Оның желіге тәуелділігі сондай бас алмастан отырып, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамайды. Тұйықталып ғаламторға тәуелді болады. Ғаламтор әрбір үшінші отбасының ажырасуына себеп болады екен. Ғалымдардың пайымынша, жастар көп жағдайда әлеуметтік желіде туындаған жанжалдың кесірінен ажырасатын көрінеді. Ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулерінде, «Инстаграм» желісі депрессияға ұшырататын желі деп аталған. «В Контакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шыққан. Мүмкін, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суцидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар. Айта кетерлік бір жағдай, елімізде 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіні қолдануына заңмен тыйым салынуы мүмкін. Осындай бастама көтерген депутаттар ата-анасының рұқсатынсыз ғаламтордан жеке парақша ашпауы тиіс деген.
Өйткені, интернетте суицидті ашық жазатын сайттар мен жат ағымды насихаттаушылар көбейген. Қазақстан өзіне-өзі қол салған балалардың саны бойынша әлемде үшінші орыннан түспей келеді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Выполните следующее . мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер. қосымша материалдан жинақтап экспонаттар туралы мәліметтерді дайындаңдар
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Vs1377
mzia-mzia-60682
droshchupkin
Sosovna Dmitrievich22
detymira
departed744
apetrov54
danielianruz
Eduardovich
megapolisgroup
stailwomen31
Андрей_Станиславовна
Сурат1199
Leonidovich_Elena771
Alekseevna1064