Жаңа технологияларға таңғалудан қалып барамыз. Əлемнің əр түкпірінде сəт сайын бір жаңалық ашылып жатыр. Осы саланың мамандары ойға сыймайтын жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Мысалы, адам өмірін жеңілдететін роботтарды алайық. Робот – адамға тəн іс-əрекеттерді орындайтын, арнайы бағдарлама немесе басқару пульті арқылы басқарылатын механикалық құрылғы. Қазіргі кезде осы робототехника саласы бойынша əлемде ең үздік Жапония елі. Олардың мамандары адам орнын баса алатын толыққанды роботтарды шығарумен айналысады. Яғни, жапон роботтары адам атқаратын кез келген қызметті айна-қатесіз орындап, адамдарға көмекші ретінде қызмет ете алады. Үй жинап, егде кісілерге немесе балаларға күтуші болып, дүкен сатушысы ретінде сатып алушылардың сұрағына жауап бере алатын роботтар немесе ақылды техникалар бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар ғылымының басты тенденциясы.
Nikol27051986
07.02.2022
Ата - ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ата - ана көркем, сүйкімді де ұлы сөз. Бесікте жатқан бала соны айтып былдырлайды. Оны жасөспірім мен қартайған шал да, боранмен алысып жүрген эвенк пен кепесінде отырған үндіс те қайталап айтады. Байлығы шалдыған үйден де, кедейдің лашығынан да осы сөз құдіретті естіледі. Даңққа бөленген әртіс әр уақытта ата-анасын жадында сақтайды, ақын өлеңдері мен әндерінде жырлайды, суретші олардың бейнесін суретте мәңгі қалдырады. Мүсінші оны тастан қашайды. Ата-ана барлық адамның және бүкіл дүниенің символы. Ата-ана баласын мейлі ол әйгілі немесе елеусіз болсын, мейлі ол білімсіз немесе білімді болсын, мейлі ол алжыған шал немесе жас болсын, король немесе қайыршы бодсын - бәрібір сүйеді, ата-ана үшін - бұл менің ұлым-қызым деген қарапайым да жоғары, қастерлі бір-ақ ұғым. Ата-ана балаларын өсірді, оған өмір берді, өз өмірін де соған арнаған. Оар баласымен бірге күледі, сонымен бірге күреске шығады - бәрін де, барлық істе де олар сонымен бірге. Ата-ана махаббаты қандай ғажап еді! Ол көбімізді жігерлендіреді.
п-дауыссыз катан
р- дауыссызуян
е- дауысты жінішке
з-дауыссыз уян
и- дауысты жінішке
д- дауыссыз уян
е- дауысты жінішке
н- дауыссыз унді
е дауыссыз жінішке