Кезекшілік туралы диалог құрастыру.
Алтынай: Бүгін сыныпта Әлібек, Ханшайым және сен кезекшілік етесіңдер. Ұмытып кетпеңдер.
Алдияр: Есіме салғанын дұрыс болды, мен сабақтан соң үйге қайтып бір шаруаларымды істеймін деп жоспар құрып отырсам ...
Алтынай: Орындықтардың барлығын көтеріп қойыңдар. Ханшайым шаң сүртіп, гүлдерге су құяр.
Алдияр: Жақсы, әрине бәрін реттеп жинастырып кетеміз.
Алтынай: Тақтаны да сүртіп қоюды ұмытпаңдар. Келесі ауысымға таза болып дайын тұрсын.
Алдияр: Жақсы, терезені ашып кетейік пе?
Алтынай: Жоқ, дала жел болып тұр. Ашып кетпеңдер, сынып қалып жүрер. Абай болыңдар.
Алдияр: Уайымдама. Бәрін жинап, дұрыстап кетеміз.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Перевести текст мен бүгін бір сағат кеш тұрдым.желдеткішті аштым, таңертеңгі денешынықтыру жаттығуларын жасадым.бетіқолымды жуып, тісімді тазалап, киініп, ас бөлмесіне бардым.үстел басында әжем, әкем, анам, ағам, сіңлім отыр екен.бәріміз бір-бірімізге "ас дәмді болсын! " деп асымызды іштік. анам бізден түске дейін үй шаруасымен айналасуды өтінді.інім ыдыс жуды, мен еден, шан сүрттім, ағам кілем, паласты далаға шығарып қақты.содан соң бәріміз теледидардан қызықты хабарлар көрдік.күнделікті күн тәртібім өсгерсе де, мен кешкісін үйге берілген тапсырмаларды орындап, ертеңіне сабаққа дайын болдым.