ЕВ1873
?>

Қазір жиі кездесетін ауруы және емдеу жолдары

Казахский язык

Ответы

akremlev2015

Қазір жиі кездесетін балалар аурулары.

Балалардың жиі кездесетін бірқатар аурулары бар. Олардың барлығының дерлік алдын алуға болады, сондықтан екпе күнтізбесіне сәйкес балалардың екпесін уақтылы алу - осы ауруларды болдырмауға үлкен септігін тигізеді. Балаларда жиі кездесетін ауруларға: желшешек, көкжөтел, ангина, отит, қызылша, сары ауру т.б. жатады.

Енді қысқаша балалар арасында жиі кездесетін аурудың бір түріне тоқталып өтсек.

Желшешек - вирустан тарайтын инфекциялық ауру. Желшешек ауа арқылы тарайды, мысалға дәліз бойымен желшешек сырқатты адам жүріп, артынша дені сау адам өтсе, ауруды жұқтыруы ықтимал. Сырқаттың инкубациялық уақыты 21 күнге дейін.  Ауру басталғанда температура 38—39°С-ге дейін көтеріледі де, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. Ол бөрткендерді қасуға болмайды, себебі кейін жазылған соң орны тыртық болып қалып қояды. Балаларда әдетте бұл ауру жеңіл түрде өтеді, көбінесе бір ауырғаннан кейін иммунитет пайда болады. Дегенмен, қайталап ауру да мүмкіндігі болады. Желшешекпен ауырған балаға көп сұйықтық ішкізіп, дене температурасын қадағалап, бөрткенге дәрігердің кеңесі бойынша арнайы жақпа май немесе жасыл дәрі (зеленка) жағады. Сырқат баланың жатын бөлмесін жиі желдетіп, дымқыл шүберекпен сүртіп отырған дұрыс. Бөрткеннің қайталап шығуы тоқтағаннан кейін далаға серуендеуге шығуға болады.

Нескажу25

Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Кезінде фантаст жазушыларымыздың қаламынан туған «робот» есімді темір адамдар жеті қат көктегі жұлдыздар әлеміне қадам басып, жер астына дейін сапар шекті. Кеңес дәуірінде осындай қиял-ғажайыпқа толы романдар, повестер, хикаяттар, әңгімелер жетіп артылатын. Олардың бәрі келешек пен өткен заманның құпияларын барлап, хал-қадерінше әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ықпал етті.

Ал қазір ше? Қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады. 

iqtoy2010

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қазір жиі кездесетін ауруы және емдеу жолдары
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

NikolayGoncharov
Liliya_Ivanova
cutur3414
Vasilevna_Mikhail19
alapay
samsakovs7757
kap393
Павловна1750
Shamil
kapi30
melissa-80
muz-cd
vypolga1347
maximpr6
vetviptime