Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің түрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Туйе боздап, кой қоздап - қора да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,
Жүмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауыл баз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,
Тастағы үнін косар байғыз, көкек.
Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,
Диханшылар жер жыртып, егін егер.
Шаруаның бір малы екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.
Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.
Жаз жіберіп, жан берген қара жерге
Рахметіне алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейілі енер.
Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер.
Кемпір-шал шуақ Іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.
Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Таң атқан соң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.
Күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті.
Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап,
Күйеу келді, ай, жүлдыз к... қысты.
Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға елеріп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай сары алтын шатырына,
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса мейлі, сол айтты
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңiз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір* болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің,
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден.
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл-мизан*, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі бұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге ерме,
Сізге айтамын, қаупiм —бұл.
Өзің, үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің, бәрі — тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әрнәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл,
Ғұламаћи Дауани
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқып және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл — гүл
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Эссе на казахском языке про ветеранов
Қазіргі таңда облыста Ұлы Отан соғысының 74 қатысушысы мен мүгедегі тұрады. Оның ішінде, Ақтау қаласында – 55, Жаңаөзен қаласында – 3, Бейнеу ауданында – 6, Қарақия ауданында – 1, Маңғыстау ауданында – 2, Мұнайлы ауданында – 3, Түпқараған ауданында – 4 адам.
2011 жылдан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 100,0 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Соңғы 3 жылда аталған санаттағы азаматтарға демеушілік қаражаттың есебінен 100,0 мың теңге мөлшерінде қосымша материалдық көмек берілді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығының мерекеленуіне байланысты жергілікті бюджет есебінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің әрқайсысына 138 740 теңге (70 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде барлығы 9711,8 мың теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсету қарастырылуда.
Облыста тұратын Ұлы Отан соғысы мүгедегіне теңестірілген 118 адамға, Ұлы Отан соғысының қатысушысына теңестірілген 835 адамға, 1210 тыл ардагеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған 5 зайыбына (жұбайы), Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің 91 жесіріне, фашистік концлагерьдің 8 тұтқынына, Ленинград блокадасына қатысқан 2 тұрғынға, қаза болған жауынгерлердің 31 отбасына жергілікті бюджет есебінен біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге 63110,0 мың теңге бөлу қаралуда.
Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларға сәйкес аталған санаттағы азаматтар денсаулығын оңалтуы үшін жыл сайын тегін санаторлық-курорттық жолдамамен қамтамасыз етіледі.
Облыс бойынша Ақтау қаласында ғана тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан соғысының 4 ардагеріне облыс орталығынан 4 пәтер берілді.
Облыс әкімінің ықпал етуімен және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, кәсіпкерлік субъектілерінің қолдауымен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, оларға теңестірілгендерді, тыл ардагерлеріне материалдық қолдау, марапаттау мен құрмет көрсетудің ауқымды да маңызды шаралары жыл сайын тұрақты жүзеге асырылып келеді.
Қазіргі таңда облыста халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жататын санаттары, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілгендер жергілікті атқарушы органмен жасалған келісім шарт негізінде (тасымалдаушылардың міндеттемелеріне сәйкес) тегін тасымалданады.
Облыстың барлық қалалары мен аудандарының орталықтарында Ардагерлер үйлері қызмет етеді, соның ішінде Жаңаөзен қаласындағы және Маңғыстау ауданының Шетпе селосындағы Ардагерлер үйі материалдық-техникалық базамен толық жабдықталған дербес ғимараттарда орналасқан.
Ақтау қаласындағы, Қарақия ауданының Құрық, Жетібай селоларындағы, Бейнеу, Мұнайлы, Түпқараған аудандарындағы Ардагерлер үйлері әкімшілік ғимараттарының бір бөлігінде орналасқан.
Аталған ғимараттарда ардагерлердің еркін демалуына, жастармен кездесуіне, өңірдегі саяси-қоғамдық іс-шараларға атсалысуына барлық мүмкіндіктер жасалған.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығының мерекеленуі аясында облыста Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне жан жақты әлеуметтік қолдау көрсету толық қамтамасыз етіледі.