васильевич
?>

5. диалогті қайталап тыңда. кестені толтыр. қай қалада тұрады? қай аймақта тұрады? солтүстікте бурабайда диалогке қатысушылар медет фарида расул дина еркін аға

Казахский язык

Ответы

emaykova785
Біздің мектептің өте өнерлі жәнеде мықты. менің сыныптастарымның бірнешеуі би үйірмесіне (гимнастикаға) қатысады, шаңғы тебу спортына, күреске, волейбол ойындарына катысады. олар көп жүлделі орындармее мадақтама қағаздар алды. біз өзіміздің мектебіміздің мақтанышымыз.
DmitrievnaVera

Жомарт Атымтай — Шығыстың көптеген халықтары фольклорында кездесетін кейіпкер, өзінің қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған, халық жадында құрметпен әспеттелетін адам.

6 ғ-да өмір сүрген деген жорамал бар. Түп-төркіні Тай тайпасының ақыны Хатим ибн Абдаллахқа (Хатим-Тай) саяды. Атымтай Жомарт туралы шығармалар ерте кезден белгілі. Олар сюжеттік, жанрлық сипатына қарай үш топқа бөлінеді:

1-топтағы шығармалар хикаяттық сипатта баяндалады. Онда Атымтай Жомарттың өмірі әңгімеленеді, оның жомарт болу себептері баяндалады.

2-топтағы шығармалар — таза қиял-ғажайып ертегілері. Олардың сюжеті бір-бірімен үндес. Мұнда Атымтай Жомарт — асқан бай, таусылмас қазынаның иесі. Оның жомарт болуы осыдан.

3-топтағы шығармалар — тұрмыс-салт ертегілері. Бұларда Атымтай Жомарт — келген қонаққа берер асы жоқ, тақыр кедей. Сонда да жомарт болып бейнеленеді. Адамға деген қайырымдылық, сүйіспеншілік — оның ең басты қасиеті екені ашыла түседі. Атымтай Жомарт туралы аңыз-ертегілер негізінен “Мың бір түннен” бастау алады. Қазақ тіліне аударылып, бірнеше мәрте басылған “Мың бір түн” оқиғалары қазақ оқырмандары арасына кеңінен тараған.[1]

Е.Сарымбаевтың аударып, толықтыруымен жарық көрген “Хикаят дастан Хатым-тайы” (1891; 1892; 1913; көлемі 88 бет) , Атымтай Жомарт аңыз-ертегісінің ішіндегі ең көлемдісі болып табылады. Қ.Шахмарданұлы жазған “Қисса-и Хатымтай — Жомарт” (1897; 1898; көлемі 8 бет), Ш.Жәңгіровтың айтуындағы ертегі жобасы (1914; көлемі 32 бет) баспа бетін көрген туындылар.

dentalfamily

Домбыра көне аспап және ол қазақпен кіндіктес ұлыстардың бәріне ортақ мүлік, себебі домбыраның жасы қазақ хандығынан үш мың жылдай үлкен, дәуірлей тексергенде аспап аттары әртүрлі диалект салдарынан өзгеріске ұшырағанымен түбі бір екені айдан анық білініп тұрады. Толғамды мәселелердің сырына үңілместен бұрын, әуелі аспап жайына түсіндірме бере кетейік.

Қазақтың домбырасы түркі-монғол (арғы атасы – ғұн) мәдениетінің меншігі, тамыры тарихқа терең жайылған, байырғы аспап. С.Өтеғалиева Орталық Азиядағы танбуртекті аспаптарды үш топқа бөледі: Сібір-Алтайлық, Ортаазиялық, Таяушығыстық (Хордофоны Средней Азии. Алматы-2006. 39-бет). Осы тұжырыммен қарасақ біздің шертпелі аспаптарымызды да шартты түрде үшке бөлуге болады. Формасы мен дауыс бояу жағынан айырмашылықтары бар аспаптың бұрыннан келе жатқан белгілі үш түрі бар, әрбір өлкенің күй өнері әртүрлі орындаушылық мектеп құрап отырғанына сәйкес аспаптарының да тұрқы (формасы) жағынан өзгешелігі бар. Арқа, Жетісу, Қаратау өңірлерінде кең тараған домбыраның  тұрқы қысқа, мойыны жуантық, шанағы бұрышталып шабылады. Жалпы көпшілік қаталықтан қалақ домбыра деп айдарлап кеткен бұл аспаптың көне түбірлік аталуы – қыпшақ домбырасы болуы мүмкін (Әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты трактатында сипатталатын ги аспабының түбірі — қыпшақ, «Трактаты о музыке и поэзии», Алматы. «Ғылым» 1993. 430 бет), бұл шертпе күй тартуға қолайлы тоғыз пернелі аспап. Қазақстанның батыс өлкесі мен Сыр бойында тараған мойыны ұзын, алмұрт пішінді домбыраның көне түбірлік аталуы — оғыз домбырасы деген ұйғарымға жақын, он екі пернесі бар, негізінен төкпе күйлер тартылады. Домбыраның бірінші байланатын пердесінің оғыз перде (соль диез) аталуы тегін емес, шабылуы да дутар аспабына ұқсас. Қазақстанның шығыс өңірінде кең тараған домбыра – алтай домбырасы деп түбірленеді, ол үш ішекті, жеті пернелі, көбінесе желдірме  екпінді шертпе күйлер тартуға ылайықталған

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

5. диалогті қайталап тыңда. кестені толтыр. қай қалада тұрады? қай аймақта тұрады? солтүстікте бурабайда диалогке қатысушылар медет фарида расул дина еркін аға
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Lukina
info2471
annazhurawlewa
ustinovda14
skorpion7228528
kristal1
Vitalevna
борисовна Елена78
ganzashop
Геннадьевна_Петр
lazareva
rayon14
KononovaMaiorov453
denisovatat7
Марина555