Панков1101
?>

Түбірлері өзгермелі біріккен сөз дегеніміз не

Казахский язык

Ответы

Vyacheslavovich Mikhailovich1421

Екі, я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады. Мысалы, белбеу, ба з, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан деген сөздер екі сөзден құралып (бел және бау, баспа жәнесөз, ашу немесе ащы және тас (кейінді ыкпал заңы бойынша т дыбысы д-га айналып, тас сөзі дас болған), өнер және кәсіп, тогыз -тоқс және он-ан), бір ұгымның ғана атауы болып тұр.

Қазак тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірінде құрамына енген түбірлердің тұлгалары сақталып отырады. Мысалы: түйеқұс (түйе+құс), бұзаубас(бұзау+бас),басмақала (бас+мақала), т. б. Екіншісінде құрамына енген түбірлердіңтұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстың өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (бұл және жыл: бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалган екінші сездің басындагы ж дыбысы и-ға айналған), жаздыгүні (жаздың және күні: бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп калған, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша г-ге айналган), түрегелді (тұражөне келді: бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сездің әсерінен жіңішкеріп ү ү-ге, а е-ге айналған, екінші сөздің басындагы к дыбысы г-ге айналған). Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.

Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады:

1) аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тас-бақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан,текесақал, ала-бота, аққу, итмұрын, саңырауқұлақ, бәптерек, бәйшешек, т. б.;

2) географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат,Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл, т. б.;

кісі аттары: Орынбасар,Сейілбек,Мұхаметжан,Ерасыл, Аманжол,Есенәлі,
Бейсенбай, т. б.;

дене мүшелері (анатомиялық атаулар): асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа,сегізкөз, тазқарын, т. б.;

5)ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел,қарасан, т. б.;

ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ, т. б.;

ән, күй, өлең аттары: Сарыжайлау, Сарыарқа, Қароторгай, Кісенашқан,т. б.;

8)қоғамдық өмірге,күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар:ба з,қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отагасы, ақсақал

9)мезгілге байланысты

атаулар:биыл,бүгін,қыстыгүні,жазгытұрым,күздігүні,т. б.;

10) белгісіздік,болымсыздык мәндегі атаулар: ешкім,ештпеңе қайсыбіреу,әлдекім,әрқайсысы, ешқашан,кейбір, әрбіреу,әлдеқашан, т. б.

sanhimki47

Арам Ильич Хачатурян (1903 жылдың24 мамырында (6 маусымында) Тифлис (қазіргіТбилиси) қаласының маңындағы Коджоры ауылында дүниеге келіп —1978 жылдың 1 мамырында КСРО-ның Мәскеу қаласында қайтыс болды. Ереванда жерленген) — кеңес армян композиторы, дирижёр, педагог, музыкалық-қоғамдық қайраткер. КСРО-ның халық әртісі (1954). Социалисттік Еңбек ері (1973). Сталин сыйлықтарының лауреаты (1941, 1943, 1946, 1950), Лениндік (1959) және КСРО-ның мемлекеттік сыйлықтарының (1971) иесі. Армян КСР-нің (1944) мемлекеттік әнұранының авторы. АН Армян КСР-нің академигі (1963). Музыканың ХХ ғасырдағы белгілі қайраткері. 1943 жылдан бастапВКП(б) мүшесі.

gymnazium

Бұрын ата бабамыздың басынан кешкен оқиғалары бәрімізге де белгілі шығар. Бірақ оған қайғыратындар көп емес. Неге? Себебі, қазір соғыс жоқ, тәуелсізбіз, бір сөзбен айтқанда бұрын ата бабамыз армандаған күндерді кешіп жатырмыз. Бәрінен де техника дамығанына қатты қуанамыз, себебі біз ештеңе жасамаймыз, бәрін сол жасайды. Біздікі тек бір бірімізден асу, озу, көре алмау. Ой анау телефон алыпты, мен одан да күштісін аламын, ой анау теледидар алыпты, мен оданда дәуін аламын деп жарысамыз. Бірақ неге біз адамдарға жақсылық жасап жарыспаймыз? Ол жетімлерге көмектесіпті, мен кедейлерге көмектесемін деп неге жары а? Неге өзіміз секілді адамдарды құтқарып, көмектесіп жары а тек өзімізді ойлай бермей? Кезінде ата бабаларымыз сонда не үшін соңына дейі жанын беріп күресті? Сол жоңғарларға немесе ресейлерге ғана бағынып, солардай өмір сүріп жүре берсе де болатын еді ғой. Бірақ олар біз үшін аянбады, бізді басқаларға бағынбай, керемет өмір сүрсінші деп жандарын беруге де барды. Қ. Рысқұлов сол кезде не үшін көтеріліс болып жатқан жерге барды? Әрине, ол қазақ қыздарының шашын жұлып, ұлдарын сабап жатқаны үшін барды, демек ол да өзі секілді адамдарды аяды. Біз неге айдаладағы кәрістерге қарап еліктейміз, оданда мықты ерлерімізге еліктемейміз бе? Егер біз ерлерімізді ұмытпасақ, демек біздің ел де ұмытылмайды!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Түбірлері өзгермелі біріккен сөз дегеніміз не
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

gre4ka2004
priemni451
ak74-81
igor51766771
sashaleb88
Некрасов Валентина1097
a580028r
rn3ay8
vshumilov
sse1105
Vasilevna_Shabanova1502
fucingprinces30
ekkim310
Tatyana1426
adhotel