Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр.
Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
> сөзіне диаграмма құра. осы сөздерді пайдаланып, әңгіме құра. !
"Уақыт" сөзіне диаграмма құрастыру:
Уақыт:
- баға жетпес құндылық
- бос уақыт
- тиімді пайдалану
- уақыт - ақша
- жоспар құру
- талдау жасау.
Уақыт - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Уақыт қайтып келмейді, сондықтан бос уақытты сарп етпей, тиімді қолдана білу керек. Себебі, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында біздің қоғамымызда "уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан. Уақытты тиімді пайдалану - табысқа жетудің бірден бір кепілі. Сонымен, "уақтты қалай тиімді пайдалану керек?" деген сұраққа мен келесідей ақыл - кеңес беретін едім:
1. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі.
2. Бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмай, алдымен бір істі бітіріп, сосын келесісіне көшіңіз.
3. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз.
4. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз.
5. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?" Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.
6. Уақытты тиімді пайдаланудың тағы бір жолы - уақытыңызды босқа алатын теледидар көру, әлеуметтік желілерде отыру, телефон арқылы ұзақ сөйлесу т.с.с. нәрселерден бас тарту.
Ал сіз осы айтылған ақыл – кеңестің қайсысын қолданасыз?