Спорт киімдері туралы диалог.
Алтынай: Апатай, қолыңыз бос болса, сізге бірер сұрақтарым бар еді...
Ханшайым: Айта бер, жаным. Қандай сұрақтар? Білсем, жауап берейін.
Алтынай: Сіз қанша дегенмен спорт саласында жұмыс істейсіз ғой, үй тапсырмасындағы жаттығуда маған спортшылардың киімдері туралы сұрақтарға жауап беру керек.
Ханшайым: Ондай болса, оңай екен. Сұрай бер.
Алтынай: Барлық спортшылар жаттығу барысында міндетті түрде қандай киім киеді?
Ханшайым: Спортшылар міндетті түрде спорттық шалбар мен нымша (блуза) киеді
Алтынай: Киімдер түймелі болады ма?
Ханшайым: Жоқ, көбінесе киініп – шешуге ыңғайлы болу үшін киімдер сыдырма ілгекті болады.
Алтынай: Кеңінен таралған спорттық киім түрі?
Ханшайым: Қысқа (трусы) мен майка.
Алтынай: Комбинезонды кімдер киеді?
Ханшайым: Шаңғышылар, тау шаңғышылары, трамплиннен секірушілер мен шанамен сырғанаушылар.
Алтынай: Ал коньки тебушілер қалай киінеді?
Ханшайым: Олар синтетикалық матадан тігілген қозғалысқа кедергі келтірмейтін капюшоны бар арнайы комбинезон киеді.
Алтынай: Редингот деген не және оны кімдер киеді?
Ханшайым: Ат спортына қатысушылар редингот деп аталатын арнайы пенжек киеді. Редингот дегеніміз – ілме өңірлі (однобортный) артында ойығы бар ұзын пенжек.
Алтынай: Апатай, барлық сұрақтың жауабын біледі екенсіз! Сізге көп рахмет! Сабақта «бес» алатын болдым!
Ханшайым: Оқасы жоқ, жаным. Көмектесе алғаныма қуаныштымын.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Написать на казахском языке у моего брата у моей мамы и у моего папы на каз яз