Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңдарының мiндеттерi жабайы жануарлардың табиғи еркiн тiршiлiк жағдайларын қамтамасыз ету, табиғи үйiрлердiң түр жағынан сан алуандылығы мен тұтастығын сақтау мақсатында оларды қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп отыру, сондай-ақ осы саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.
2-бап. Жануарлардың дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту
және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы
заңдары
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар осы Заңмен және осыған сәйкес шығарылатын Қазақстан Республикасының өзге де заң құжаттарымен реттелiп отырады.
3-бап. Жануарлар дүниесi ұғымы
Жануарлар дүниесiне құрғақта, суда, атмосферада және жер қыртысында табиғи еркiн жағдайда тұрақты немесе уақытша мекендейтiн барлық жабайы жануарлар (сүт қоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекендiлер, балықтар, сондай-ақ ұлутектiлер (молюскалар), шыбын-шiркейлер (насекомдар) және басқалар) жатады.
Ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларын, сондай-ақ шаруашылық, мәдени өзге де мақсаттар үшiн табиғи ортадан айырылып, ырықсыз немесе жартылай ырықсыз жағдайда ұсталатын жабайы жануарларды пайдалану, өсiмiн молайту және қорғау саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
4-бап. Жануарлар дүниесiнiң мақсатты мiндетi
Мақсатты мiндетiне сәйкес жануарлар дүниесi мынадай топтарға бөлiнедi:
- жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген түрлерi;
- жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
- жануарлардың балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
- жануарлардың (аң аулау мен балық аулаудан басқа) өзге де шаруашылық мақсатында пайдаланылатын түрлерi;
- жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерi;
- жануарлардың халық денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығын және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау халық шаруашылығына нұқсан келтiрiлуiне жол бермеу мақсатында бас санын реттеп отыруға жататын түрлерi.
5-бап. Жануарлар түрлерiн топтарға жатқызу және бiр
топтан екiншi топқа аудару
Жануарлардың түрлерiн осы заңның 4-бабында аталған топтарға жатқызу олардың негiзгi мақсатты мiндетiне сәйкес, ал жануарлар түрлерiн бiр топтан екiншi топқа аудару олардың негiзгi мақсатты мiндетi өзгерген реттерде жүргiзiледi.
Жануарлар түрлерiн топтарға жатқызуды және бiр топтан екiншi топқа аударуды Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар өз құзыретi шегiнде жүргiзедi.
6-бап. Жануарлар дүниесiне меншiк
Қазақстан Республикасындағы жануарлар дүниесi республиканың айрықша меншiгiнде болады.
Жануарлар дүниесiне иелiк етудi, билiк жүргiзудi және пайдалануды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi тiкелей немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы өкiмет органдары мен жануарлар дүниесiн мемлекеттiк басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру және жануарлар дүниесiне меншiк құқығын iс жүзiне асыру жөнiнде басқа да iс-әрекеттер жасау жануарлар дүниесiн басқарудың мемлекеттiк органының мiндеттi түрде қатысуымен жүзеге асырылады.
II бөлiм. АЗАМАТТАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН
БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ҚОРҒАУ, ӨСIМIН
МОЛАЙТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНА ҚАТЫСУЫ
7-бап. Азаматтардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн
молайту және пайдалану саласындағы құқықтары
Қазақстан Республикасы азаматтарының және оның аумағында тұратын немесе мекендей тұратын басқа да адамдардың:
- жануарлар дүниесi мәселелерi жөнiндегi заң жобаларын және шараларды талқылауға қатысуға;
- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiнде қоғамдық құрылымдарға бiрiгуге;
- жануарлар дүниесiнiң жай-күйi туралы толық әрi анық-қанық ақпарат алуға;
- жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi жұмыстар, сондай-ақ осы мәселелер бойынша қоғамдық сараптама жүргiзуге қатысуға;
- жануарлар дүниесiн заңда белгiленген тәртiппен пайдалануға құқығы бар.
Мемлекеттiк органдар азаматтардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi заңды және негiзделген ұсыныстарын ескеруге мiндеттi.
Астана символы – «Бәйтерек»
Бірлік пен бейбітшілік бесігіндей
Елбасының өзі ашқан ғимараттардың бірегейі – Бейбітшілік және келісім сарайы.
Тәуелсіздік сарайы, «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешені, биыл ашылған Ұлттық музей қазақ халқының өткені мен бүгінгі тарихынан сыр шертсе, «Астана» опера және балет театры
Зауыттар дегенде, ойға орала кететіні – Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2012 жылдың 25 желтоқсанында ашылған «Аstana Solar» фотоэлектрлі модульдер шығаратын зауыт
Объяснение:
егерде нысан деген гимарат сондайлар болса мыне осы
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Синонимы к словам: патшайымы, қайтыс болады, тəрбиелейді, қашып құтылған, семсер, қалқыма, мұнара. подскажите . синонимы и перевод.