Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сөйлемде оқшауланып тұратын сөздер Сөйлем ішінде өзге мүшелерден оқшауланып тұратынсөздерді жиі кездестіресің. Бұл сөздер сөйлем мүшесініңқызметін атқармайды. Тек сөйлем мағынасын айқындауғақатысады. Сондай сөздердің бірі - одағай. Одағай сөздердіңқандай құрамдық, мағыналық ерекшеліктері барын байқапкөрелік.1. Құрамдық түрлері: негізгі (ау, па, әй, пай, беу ); туын-ды (бәрекелді, ойпырым-ай); күрделі (пай-пай, шөре-шөре 2. Мағыналық түрлері: көңіл күй (алақай, oh, қап); же-кіру (тәйт, тек); шақыру (көс-көс, құрау-құрау ).3. Одағай сөздер сөйлемде жай, қалыпты дауыспен айтыл-са, үтір арқылы ажыратылады: Бәрекелді, өнерлі бала екен!4. Одағай сөздер сөйлем ішіндегі басқа мүшелерден кө-теріңкі, ерекше дауыспен айтылса, олардан кейін леп белгісіқойылады: Алақай! Мен жүлдегер атандым.• «Әдебиеттік оқу» кітабынан одағайы бар мәтін тауып, одағайсөздерді құрамы мен мағынасына ажырат.• Оқшау сөздерге жататын қаратпа, қыстырма сөздердің бірінеосындай бет құрастырып көр. Ол үшін қаратпа және қыстырма сөздер-дің мағыналық ерекшеліктерін зертте. Мысалдар келтір.• Дайындаған материалдарыңды сыныптастарыңның алдында қорға.