Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
ответ
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы - тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені, ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы - қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет идеясын құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы - тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде.
Объяснение
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Задание: 1-тапсырма. Мәтінді оқы/Прочитай текст Күймесгүл (Dіctamnus) – руталар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Дүние жүзінде Жерорта т. жағалауларынан Қиыр Шығысқа дейінгі аралықта кездесетін 6 түрі белгілі. Қазақстанның далалы шалғындықтарында, бұталардың арасында және тау етектерінің бұталы беткейлерінде өседі. Орманның ашық алаңы мен таудың ортаңғы белдеулерінде көбірек кездеседі. Балқаш – Алакөл қазаншұңқыры, Мойынқұм өңірінде (Жамбыл облысы), Жетісу (Жоңғар), Күнгей Алатауларында, Шу-Іле тауларында шашыранды таралған 1 түрі – таспажапырақ К-і (D. angustіfolіus) бар. Оның биікт. 50 – 100 см. Сабағы бұтақты, қалың, ұзын түкті. Сабағының түп жағындағы жапырақтарының тақтасы салаланбаған бүтін, сабақ ұшына жақындаған сайын тақ қауырсынды жапырақшалардан тұрады. Гүлі қос жынысты, 5 тостағаншасы күлгін қызғылт түсті, 5 күлтесі, 10 аталық, 5 ұялы бір аналығы болады. Мамырдан шілдеге дейін гүлдеп, шілде – тамыз айларында жемістенеді. Жемісі – бес ұялы қауашақ. Әр ұясында 2 – 3-тен қара, жылтыр тұқымы бар. Күймесгүл – өте улы өсімдік, жағымсыз иісті болғандықтан мал да жемейді. Егер жаңбырлы күндері гүлін бұтағымен жұлып алса, денеге тиген жерін (өсімдіктің ұлпасынан бөлінетін – диктамнотоксин заты) күйдіріп жібереді. Жазылған күнде де орны қара дақ болып көпке дейін сақталады. Өсімдіктің құрамында эфир майы өте көп. Егер өсімдік отқа жағылса жалын өшкеннен кейін өсімдік сабағының өртенбегенін байқауға болады. Себебі, жалын беретін тек қана эфир майы. Осы ерекшелігіне қарай күймесгүл аталған. 2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер/ответь на вопросы Күймесгүл қандай өсімдік? Күймесгүлдің биіктігі неше см.? Жемісі қандай? Күймесгүл қай жерде өседі? Үйге тапсырма. 3-тапсырма. Мәтіннен тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сыз.
Күймегүл руталар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік.
Оның ұзындығы 50-100 см.
Жемісі —бес ұялы қуашақ.
Орманның ашық алаңымен таудың ортаңғы белдеулерінде көбірек кездеседі.