Жалпы ережелер.
Медицина қызметкері және қоғам.
Медицина қызметкері және пациент.
Медицина қызметкерлерінің алқаластығы.
Дәрігерлік құпия.
Этикалық кодекс күшінің шегі, оны қайта қарау тәртібі және оны бұзу жағдайындағы жауапкершілік.
I. Жалпы ережелер
Медицина қызметкерінің Этикалық кодексі (одан әрі - Кодекс) олардың лауазымдық міндеттемелерін жүзеге асыру барысындағы этикалық нормалар мен өзін ұстау тәртібі ұстанымдарының жиынтығы болып табылады.
Кодекс ережелері ҚАҰӨО барлық медицина қызметкерлеріне міндетті болып табылады.
II. Медицина қызметкері және қоғам
Медицина қызметкерінің ең басты мақсаты – адам өмірін сақтау, аурулардың алдын алу және денсаулығын қалпына келтіру, сондай-ақ емделмейтін ауруға шалдыққандар азабын жеңілдету. Медицина қызметкері өз міндеттерін Гиппократ анты, гуманизм және қайырымдылық ұстанымдарына сәйкес орындайды.
Медицина қызметкері өз шешімдері мен іс-әрекеттері үшін толық жауапкершілігін мойнына алады, сол үшін ол жүйелі түрде кәсіби шыңдалып отыруға міндетті.
Өз қызметінде медицина қызметкері өзіне таныс және пайдалануға рұқсат етілген медицина ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалануға міндетті
Медицина қызметкерінің кәсіби шешіміне жеке басының пайдасы мен материалдық мүдделер әсер етпеуі тиіс.
Медицина қызметкері даярлаушы-фирмалар мен дәрілік препараттар таратушылар ұсынған дәрілік заттарды тағайындағаны үшін олардан сыйлық алуына болмайды.
Медицина қызметкері дәрілік заттарды тағайындау барысында тек қана науқастың мүддесі мен медициналық көрсетілімдерді ескеруі тиіс.
Медицина қызметкері жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына және басқа да медициналық емес факторларға, оған қоса, материалдық жағдайына қарамастан медициналық көмекті қажет еткен кез-келген адамға көмектесуге міндетті.
Медицина қызметкері өзі жұмыс істейтін мекемеге байланысты өз жауапкершілігіне алған барлық міндеттемелерді адал орындауға міндетті.
Жас мамандар мен студенттерді оқытып жүрген медицина қызметкерлері өз міндетін орындауға көңіл бөлуі және тәртібі жағынан үлгі боларлық деңгейде болуы тиіс.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
ӨТКІЗІЛГЕН сөзінің шылауын анықтау керек. өтініш
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп»-
деген дана Абай атамыздан қалған нақыл сөздің адам өмірінде оймақтай ойып орын алатыны сөзсіз. Әрине, біліммен көзің ашылады, қоршаған әлемді, жаратылысты танисың. Содан қалған болар «Оқымаса бір бала, оқыса екі бала». Өнер – білім өн бойыңа мектеп табалдырығын аттап басқалы жинала бермек, толыса бермек. Мәпелеп өсірген әке- шешең, алғашқы тәрбиешілерің, отбасыңда қалып , енді сен білім нәрінен, тұнығынан сусындататын, киелі мекен, мектептің, төрінен табыласың.
Білімнің қайнар көзі мектеп дегенді сонау «Кел, балалар, оқылық!»- деп ұран салып, далада шапқылаған жастың бәрін оқуға шақырған Ыбырай Алтынсарин атамыздың өшпес өнегесінен жақсы білеміз.
Мектеп- білім ордасы.
Мектебім генерал-майор Сабыр Рахимов есімімен аталады. Әрине, бұл есімді естіген кісі «Бұл- қазақтан шыққан тұңғыш генерал ғой» дегенді есіне алады.