1.Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Ақындар айтысында жаттама өлеңдер аз болады. Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек.
2.Айтыскер ақынға жүйріктік,білгірлік, тапқырлық, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуі керек.
Осындай қасиеттер керек деп ойлаймын!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Оқыту пәні Қазақ әдебиеті Оқулық Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. –Алматы: «Мектеп» ба Керімбекова Б., Мұқанова Ж. Сабақтың тақырыбы Б.Момышұлы шығармаларындағы туған өлкеОқу мақсаттары 6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу.Жұмыс бағытының реті Ресурстар (мұғалім толтырады) Оқыңыз 1-тапсырма. Бауыржан Момышұлының өмірбаянымен танысу (немесе Б.Момышұлы туралы қызықты деректерді көру)Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып, елін, жерін қорғаған айбарлы да айбынды, ер жүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші. Осындай батыр болмысты, қайсар рухты биік тұлғалардың бірі - Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы - Бауыржан Момышұлы.Жырламай тұра аламын қалай мұны, Жеріме жолатпаған мұң – қайғыны.Қаһарман, жазушы, ақын дана азамат, Бауыржан Момышұлы – ел айбыны.Бауыржан Момышұлы атамыздың туғанына 100 жыл толып отыр. Батыр атамыздың батырлық, ерлік, қаһармандық істеріне, шығармашылығына арналған «Батыр – Бауыржан» атты сабағымызды бастаймыз.Қазақ халқының аты аңызға айналған батыр ұлы даңқты қолбасшы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Көлбастау елді мекенінде дүниеге келген. 7 жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалімдік қызмет атқарды. Сонан кейін бір жарым жыл әскери міндетін өтеп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң қаржы мекемесінде қызмет атқарып қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде командир болады. 1941 жылы Бауыржан Момышұлы даңқты генерал – майор И. В. Понфиловтың басшылығымен Алматы маңында жасақталған316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Майдан даласында ерен ерліктің, қаһармандықтың үлгісін танытқанБауыржан Момышұлы ерекше көзге түседі. Соғыстан кейін Кеңес әскери - бас штабының жоғарғы әскери академиясын бітіреді. Содан кейін Кеңес Әскери академиясында сабақ береді. Қан майданда ерлік көрсеткен батыр болмыстың жарқын үлгісі, жазушы халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы 1982 жылы 72 жасында қайтыс болды.2- тапсырма. Бауыржан айтқан даналы сөздерді жаттап алыңдар1. Именіп жүріп көрген игіліктенҚарсыласып жүріп көрген бейнет артық.2. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі.3. Мұратыңа жеткенше, Дос – дұшпанға сыр берме.4. Үміт өрге тартады, Үмітсіздік көрге тартады.5. Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі.6. Тіл байлығы, тіл тазалығы - ұлт мақтанышының белгісіЕр есімі – ел есіндеКері байланыс:орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
1.Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. А ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым. Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырманы ілгек деп те атайды. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар. Зергерлік бұйымдарының тағу ерекшеліктері
Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz/2016/12/26/ltty-zergerlik-b-jymdar/