Эссе
"Табиғаттың мінезі"
Табиғат –бұл адамзаттың анасы.Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. Өйткені «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Осылайша, табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық. Және дүниенің есігі ашылған сәбиге бар шапағатын тосатын ана сынды табиғат, буыны қатаймаған сәбиге бар болмысын беріп, береке сыйлайды, ырысымен бөліседі. Бала балалық шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық жасасақ, дәл солай табиғат анаға да қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмас. Сондықтан да адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Ең басты жағдайда , осы бір мәселені есте сақтайық.
Менің ойымша, достың орны бөлек, қасыңда қиналғанда сырыңды айтып, ал қуанғанда қуанышыңды бірге бөлісетін жақын досыңның болғанына не жетсін, шіркін! Қазіргі заманда шынайы дос табу өте қиын… Менің ең жақын құрбым бар. Оның есімі – Мәдина. Ол менің әпкемдей болып кеткен жан. Екеуіміз қайда барсақ та, бірге жүреміз. Бір-бірімізді ешқашан ренжіткен емеспіз, қайта қиын- қыстауда қол ұшымызды береміз. Мен бұл өмірде өз құрбымды еш ренжітпей, әрқашан да қасынан табылғым келеді.
Дос туралы толғанғанда, ел арасында айтылатын мынадай бір аңыз есіме түсіп отыр: – Ертеде елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері дос болады. Кенеттен жаулар елге шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген батыр, күздің қара суығына қарамастан, досын құтқаруға барады. Жау әскерлері оны ұстап алады. Сонда ол былай дейді: – "Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек жанымды ғана бере аламын. Бір уыс жанымды алып, досымды босатыңдар", – деп өтінеді. Сонда олар жарайды, мен сені қыршыннан қимай-ақ қояйын, маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, – дейді. Бұған да мақұл, көзімді ал да, досымды босат деген екен батыр. Ал жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады. Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына иығын қойып, күлімдеп келе жатты. Досының өмірі, бостандығы үшін ер жігіт қос көзінен айырылғанына қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына разы болды. Мінеки, достық деген қайда жатыр! Менің де дәл осылай досқа адал болғым келеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Напишите 6 примеров словосочетаний меңгеру. заранее