Тимур Андраниковна634
?>

"сүйіспеншілік пен достық " тақырыбында "дербес пікір жазу" тәсілі бойынша тапсырманы орындаңдар. 1.өзіндік пікір, ой, идея (1 сөйлем) 2.дәлел (2сөйлем) 3.өз пікірдіңді айғақтайтын мысал (2 сөйлем) 4.өз пікірдіңе қарсы дәлел (1 сөйлем) 5.қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал (1 сөйлем) 6.қорытынды (2 сөйлем)

Казахский язык

Ответы

Nekrasova

«Сүйіспеншілік пен достық» тақырыбына дербес пікір жазу.

1. Cүйіспеншілік пен достық бар адамға тән деп есептеймін.

2. Себебі, сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі, сүйіспеншілік дегеніміз – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Ал «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағаммен тең» дегендей, достықсыз өмірімізді елестету қиын.

3. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі.

4. Әрине, сүйіспеншіліксіз өмір сүруге әбден болады дейтін адамдар да кездеседі.

5. Дегенмен, сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көріп, мейірімін төккен ата - анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне бастайды.

6. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Ендеше, сүйіспеншілікті пен адал достықты өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты, ал достығымыз мәңгілік болсын!

rashad8985

Объяснение:

Қазақтың ХХ ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын ХХ ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. ХХ ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.[1] Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.

alexluu33

Объяснение:

ТҮЙЕ – ТҮЛІК ТӨРЕСІ

▪ Ойсылқара – түйе пірі, иесі, киесі.

▪ Бота, ботақан, көшек – түйе төлі.

▪ Бүлдіршін – екі жасар ұрғашы түйе.

▪ Тайлақ – екі - үш жасар еркегі.

▪ Бұзбаша – үш жасар ұрғашы түйе.

▪ Буырлыш – төрт - бес жасар еркегі.

▪ Буыршын – төрт - бес жасар еркегі.

▪ Бура – аталық түйе.

▪ Інген – аналық түйе.

▪ Атан – ақталған (кестірілген) түйе.

▪ Түйе малы тұқымы мен қасиетіне қарай: нар, жампоз, қоспақ, арақоспақ, мырзақоспақ, кердері, қылағай, қалбағай, бекпатша, құлпатша, желмая, аруана, біртуған, маз, үлек, айыр т. б. деп бөлінеді.

▪ Көрт, көйін – түйенің жаман түрлері.

▪ Ақшелек, қатпа – түйе аурулары.

▪ «Көс - көс» - түй

ЖЫЛҚЫ – МАЛДЫҢ ПАТШАСЫ

▪ Қамбар ата – жылқының пірі, иесі әрі киесі.

▪ Құлын, құлыншақ – жылқы төлі.

▪ Жабағы – бір жылға дейінгі төл.

▪ Тай – екі жастағы жылқы.

▪ Құнан – үш жастағы жылқы.

▪ Құнажын – үш жастағы ұрғашысы.

▪ Байтал – төрт жастағы ұрғашысы.

▪ Сойтал – төрттен асқан ұрғашысы.

▪ Дөнен – төрт жастағы еркегі.

▪ Бесті – бес жасар еркек жылқы.

▪ Айғыр – аталық жылқы.

▪ Сәурік – жас айғыр.

▪ Бие – аналық жылқы.

▪ Құлық – алғаш құлындаған бие.

▪ Қысырақ – үйірге алғаш қосылған жас мал.

▪ Мама бие – көп құлындаған жуас бие.

▪ Бедеу – құлындамайтын жылқы.

▪ Ат – ақталған (кестірілген) еркек жылқы, мініс ат. Мініс аттары жалпы жылқы тегіне қарай тұлпар, сәйгүлік, дүлдүл, наз бедеу, қазан ат, арғымақ, жабы, қасиетіне қарай аяңшыл, жорға, жүйрік т. б. деп аталады.

▪ Жылқының түр - түстері – ақ, ақбоз, күрең, торы, жирен, шабдар, шұбар, теңбіл, қызыл, қара, қарагер, құла, құлагер, бурыл, баран, қылаң, сұр, ала, кер, күлдібадам, шалбас.

▪ Тулақ – әбден жүдеген арық жылқы.

▪ Мәстек – жылқының жаман түрі.

▪ Жамандату, шеміршек, сақау, маңқа, қолқа – жылқы аурулары.

▪ Жылқы жүрісі – аяң, жортыс, бүлкіл, желіс, сау желіс, сар желіс, бөкен желіс, текірек, шоқыту, шабыс.

▪ «Құрау - құрау» - жылқыны шақыру.

СИЫР АТАУЛАРЫ

▪ Зеңгі баба – сиыр пірі, иесі, киесі.

▪ Бұзау – сиыр төлі.

▪ Баспақ – алты айға дейінгі төл.

▪ Арда, торпақ – бір жылдық төл.

▪ Тайынша – жастан асқан еркегі.

▪ Тана – жастан асқан ұрғашысы.

▪ Қашар – екі жасар ұрғашысы.

▪ Құнажын – үш жасар ұрғашысы.

▪ Дөнежін – төрт жасар ұрғашысы.

▪ Өгіз – кестірілген мал. Бұлар жасына қарай өгізше, құнан өгіз, атан өгіз т. б. болып аталады.

▪ Бұқа – аталық.

▪ Сиыр – аналық.

▪ Сауын сиыр – сауылып жүрген сиыр.

▪ Саулы сиыр – бұзаусыз сауылатын сиыр.

▪ Бұқаша, бұқашық – жас бұқалар.

▪ Қашақ – жиі қашатын, яғни бұқаға тоқтамайтын сиыр.

▪ Аусыл, қарасан – сиыр ауруы.

▪ «Аухау - аухау» - сиыр шақыру.

ҚОЙ АТАУЛАРЫ

▪ Шопан ата – қойдың пірі, иесі, киесі.

▪ Қозы, қошақан – қойдың жас төлі.

▪ Көрпеш – есейген қозы.

▪ Көбеген – төл басы, ерте туған қозы.

▪ Көпей – кеш туған қозы.

▪ Марқа – қозының марқайған кезі.

▪ Бағлан – семіз марқа.

▪ Тоқты – жасы алты айдан асқан.

▪ Тұсақ – жастан асқан ұрғашысы.

▪ Ісек – тарттырылған (кестірілген) қой.

▪ Құнан қой – үш жастағы қой.

▪ Дөнен қой – төрт жастағы қой.

▪ Азбан – тарттырылған қошқар.

▪ Қошқар – аталық.

▪ Саулық – аналық қой.

▪ Ақауыз қой – әбден семірген бойдақ қой.

▪ Топалаң – қой ауруы.

▪ «Пұшайт - пұшайт» - қойды шақыру.

ЕШКІ АТАУЛАРЫ

▪ Шекшек ата – ешкінің пірі, иесі, киесі.

▪ Лақ – төлі.

▪ Бөрте – алты айлық төл.

▪ Шікіраз – жасқа толған еркегі.

▪ Туша – жасқа толған ұрғашысы.

▪ Шыбыш – екі жастағы ұрғашысы.

▪ Ешкі – аналық.

▪ Серкешік – жасқа толған еркегі.

▪ Теке – аталық.

▪ Кебенек – ешкі ауруы.

▪ «Шөре - шөре» - ешкіні шақыру.

▪ Ешкінің түстері: ақ, қара, көксағал, ор жағал, сары

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

"сүйіспеншілік пен достық " тақырыбында "дербес пікір жазу" тәсілі бойынша тапсырманы орындаңдар. 1.өзіндік пікір, ой, идея (1 сөйлем) 2.дәлел (2сөйлем) 3.өз пікірдіңді айғақтайтын мысал (2 сөйлем) 4.өз пікірдіңе қарсы дәлел (1 сөйлем) 5.қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал (1 сөйлем) 6.қорытынды (2 сөйлем)
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Pastushenkoen
vsbrelok
Artyom
mursvita943
maxchemaxim14
atvkaprolon
козлов
Валерьевич Николаевич1364
syana80
festjob
AndreiAstakhva1442
stairov536
Александр734
sbn07373
annayarikova