marimelons795
?>

Мангиликтин символы деп аталатын агаш

Казахский язык

Ответы

akarabut343

Мәңгіліктің символы – бәйтерек ағашы.

Бәйтерек - ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Мғндай ағаш үлгісі дәстүрлі қауымда мықан ағашы, мырзатерек, әулие ағаш, сетер тал делініп, пішіні мен мәніне қарай әртүрлі аталған. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, бәй «үлкен» деген сөз, «бай» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі (бәйбіше, бәйшешек), үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек Бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады.  

Бәйтерек туралы ұғым-түсініктер халық мифологиясында ерте заманнан бар. Кейбір халықтардың мифологиясында баяндалғандай, әлем моделі екі түрлі болады. Бірі - тік те, екіншісі, көлденең құрылым. Осының екеуі де қазақ мифологиясында бар. Көлденең модельдің көрінісі дүниенің төрт бұрышын кезген Қорқыт туралы әпсанада кездеседі. Өлімнен құтылу үшін батысқа, шығысқа, оңтүстікке, солтүстікке де барған Қорқыт барлық жерде өзіне қазылып жатқан көрді көріп, ең соңында Сырдарияның қақ ортасына келіп дамылдайды. Сырдария өзені бұл жерде тұтас әлемнің кіндігі болып көрсетіледі де, жартылай көлденең, жартылай тік модельдің бейнесі ретінде суреттеледі.  

Көнеден келе жатқан қазақ мифологиясында Бәйтерек - күллі ғалам бейнесі, ол жерастынан өрлеп, жер үстін көктей өтіп, аспанға тіреледі. Байырғы ортаның мифтік санасы көрінетін ауыз әдебиеті нұсқаларында қаһарман әртүрлі себептермен жерастына түседі. Төменгі әлем қараңғы, зұлым күштердің мекені, өлілер патшалығы. Осы әлемге тап болған қаһарман көкке тірелген Бәйтерекке келеді. Бәйтеректің түбінде айдаһар, төбесінде Самұрық құстың ұясы, ұяда жұмыртқа немесе жаңа ғана жұмыртқадан шыққан шақа балапандар. Мифтік қаһарман айдаһарды өлтіріп, балапандарды ажалдан құтқарады. Самұрык құс қаһарманға ризалығын білдіріп, Бәйтеректі бойлай ұшып, оны төменгі қабаттан ортаңғы қабатқа алып шығады. Әлемнің төменгі қабатына түскен мифтік қаһарманға жарық дүниеге шығатын жол тек Бәйтерек арқылы жүзеге асады.  

Бәйтерек зұлымдық патшалығының өкілі айдаһарды үстіңгі қабатқа жібермей, қаһарман келгенше төменде жорғалатып қояды, тіпті төбесіндегі балапандарға да жібермейді. Сөйтіп Самұрықтың ұясын да, жоғарғы қабатты да таза ұстайды, өзі де шайқалмай, тіп-тік күйінде тұрады. Ол - мәңгіліктің символы. Самұрық қаһарманды жер бетіне алып кеткенде де Бәйтерек оның ұясын, балапандарын қарауылдап қалады. Бәйтерек тек үш қабатты байланыстырып тұрған дәнекер ғана емес, адамға ізгілік жолын көрсетуші, жақсылық жасаушы. Бәйтерек жай ағаш емес, ол өте үлкен, «үйдің жуандығындай», алты қанат киіз үйді көз алдыңызга елестеді.

Telenkovav

ерте кезеңнен ақ ата- , ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оларды үлкенге тағзым, кішіге ілтипат етіп, бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізеттілікке баулыған. «тәрбие – тал бесіктен басталады», «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ұлағатты сөзді жадына әбден тоқыған.   сондықтан да ң бауырмал,   қайырымды азамат боп ержетуі, алдымен, ата-ананың тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі-өнегесіне байланысты. ң алған тәрбиесіне қарай «тәрбиелі, өнегелі» екен деп тамсанса,   оғаш қылық көрсеткен «тәрбиесіз, өнегесіз» деп сөгетін болған. қазақта ең ауыр сөз – «тәрбиесіз», «тәрбие көрмеген» деген сөз. әрине, қай қазақ жаман болсын десін, демейді де, сондықтан да бетімді жерге қаратпа деп өсиет тәрбиесін айтып отыратыны белгілі.

sotrudnik3
Жібек жолы»  (ұлы «жібек жолы») —  қытайдың  ши-ан  деген жерінен басталып,  шинжәң,  орталық азия  арқылы  таяу шығысқа  баратын керуендік жол бағыты. атауды алманиялық ғалымдары ф. фон рихтһофен (ф. вон ріцһтһофен) бен а. һерман (а һерман)  19 ғасырда  ұсынған.[1]ұлы жібек жолы- өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. біздің дәуірімізден бұрынғы ғасырдан басталған бұл жол еуропа мен азияның-батыс пен шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.оның қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында вы ғасырдан бастап, екі бағыт: сырдария және тянь-шань жолдары бағыттары кең өрістелген. бірінші жол қытайдан басталып,шығыс түркістан қашғар арқылы жетісуға, содна сырдарияны жағалап, арал маңынан әрі қарай батыс елдеріне өткен.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мангиликтин символы деп аталатын агаш
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ams-sim
o-kate17
Marinanagornyak
pannotolstova488
lavr74
Maionova
bichkowa-oksana
Aleksandrovna1153
abakas235
mouse-0211fsb3509
mvinogradov6
ksyusatom19
Баранов276
Nasteona1994
Melnik Kaveshnikova1746