Мен баскетболға қатысамын.Басында ережелерді үйрену қиындық тудырғанымен,кейін баскетбол менің сүйікті спроттық ойыныма айналды.Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.Баскетбол ойнаған адамның организмінде біршама өзгерістер болуы мүмкін.Адамның бойы өсіп,денесі шынығады,допты себетке тура көздеп атып үйренеді.Сондықтан барлығына баскетбол ойнауға кеңес беремін.
Alyona
25.11.2022
Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады.[1] Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көрініс тапқан.
alekseev13602