potapenkoon72
?>

< > тақырыбында ойтолғау жазып берініздерші. мына сөздерді қатыстырып: досыңа көмектес, тапсырманы орында, мектептен шықты, малды өргіз, ісіңе абай бол, дұрыс киін, анық сөйле, ініңе қара, аттан түс, үйде отыр, көшеде даурықпа, үй жина, кітап оқы, өзіңді ұстай біл, сабақтан қалма, ілікті ескер, анаңды ренжітпе. осы сөздерди қатыстырып ойтолғау жазып берініздерші

Казахский язык

Ответы

bryzgalovag
Адамның сырт бейнесіне, келбетіне қарап оның қандай адам екенін бағалау мүмкін емес. Ал, оның басқалармен қарым-қатынасына, әңгімелесуіне, сыйластығына қарап азда болса да ол туралы өз пікірің қалыптасады. Маған ата-анам әруақытта досыңа көмектес, адал бол,- деп үйретеді. Досыңмен бірге үйге берген тапсырманы орында, кітап оқы, сабақтан қалма,- дейді. Демалыс күндері ерте тұрамын, әкем "малды өргіз", ініңе қара, үй жина, анаңды ренжітпе, -  деп тапсырады. Ал, атам мен әжем ісіңе абай бол, дұрыс киін, анық сөйле, көшеде даурықпа, өзіңді ұстай біл, үлкенді сила, тіпті аттың үстінде келе жатырған болсаң, аттан түс, сәлемдес,адамгершілікті ескер,- деп ақыл айтады. Бұның бәрі адамгершіліктің белгісі, ал адамгершілік-кісіліктің белгісі.
targovich

Биылғы жылғы қызық оқиғалар

Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.

Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.  

Yuliya_Viktoriya316

Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.

Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды.

Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.

Мерекелік дастарқанға түрлі ұлттық тағамдар қоюға болады. Мысалы, сүт тағамдарынан қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. сияқты тағамдар дастарқанға қойылады.

Сонымен қатар ұннан әзірленетін ұлттық тағамдар шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеуге болады.

Ал дәнді дақылдардан талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе болса, дастарқанға қоюға болады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

< > тақырыбында ойтолғау жазып берініздерші. мына сөздерді қатыстырып: досыңа көмектес, тапсырманы орында, мектептен шықты, малды өргіз, ісіңе абай бол, дұрыс киін, анық сөйле, ініңе қара, аттан түс, үйде отыр, көшеде даурықпа, үй жина, кітап оқы, өзіңді ұстай біл, сабақтан қалма, ілікті ескер, анаңды ренжітпе. осы сөздерди қатыстырып ойтолғау жазып берініздерші
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Negutsa_Kseniya524
lidiya08083268
NarekAlekseevich779
kifstd
Mariya Filippov
MonashevFesenko1483
ooomedray4
sakh2010kprf7
manager9
far-yuliya128
karpov68
kseniyavaganova
Баринова
svetavancevich
taa19707470