«Менің арман мектебім» шағын шығарма.
«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.
Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.
Енді бір сәт қиялға беріліп, армандап көрейікші? «Менің арман мектебім қандай болу керек?» деген сұраққа жауап беруге тырысып көрейін. Әрине, ең алдымен жаңадан салынған не болмаса күрделі жөндеуден өткізілген, толықтай жаңартылған мектепте оқығанды армандаймын. Одан кейін – мектеп толықтай цифрландырылып, соңғы техникалық оқу – құралдарымен, зертханалық кабинеттермен толықтай қамтамасыз етілсе деймін. Одан кейінгі тілегім, шетелдегідей қашықтықтан оқыту технолоиясы енгізілсе, тіптен керемет болар еді. Мысалға, ауырып қалған күндердің сабағын үйден отырып оқып, дайындалсаң, құрбыларыңнан еш қалмайсың.
Қазірге бұл арман болып көрінгенімен, жақын болашақта мүмкін болады деп сенемін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
"ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз" написать эссе на казахском
"Ондай болмақ қайда деп,айтпа ғылым сүйсеңіз..."
"Ондай болмақ қайда деп,айтпа ғылым сүйсеңіз" деп дана Абай атамыз айтып кеткендей, жастар ғылым мен білімге құштар болып өсуі керек. Ғылым — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесі.
Қандай ғылым болмасын, қажырлы еңбекті талап ететіні айдан анық. Бүгінгі күні ғылымның жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Ғылымның адам өмірінде пайдасын бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Ғылымның пайдасы: қазіргі заманда адам өмірін жеңілдететін түрлі құрылғылар ойлап табылуда; түрлі аурулардың алдын алу немесе емдеу мәселелері түбегейлі шешілуде; ғылымның арқасында адамдар ғарышқа саяхат жасап, өзге планеталарды зерттеуде. Қазіргі таңда білім өрісін кеңейту мақсатымен ғалымдар қоршаған ортаны тереңінен зерттеуде. Ядролық физика мамандары атомның құрылысына үңіле түссе, астрофизиктер миллиардтаған жылдарды кері жылжытып, ғаламның пайда болу тарихын түсінуге тырысуда. Зерттеу аясын кеңейту мақсатымен ғалымдар тіпті көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтын дүниелерді ашуға күш салуда. Дегенмен, бүгінгі таңда әлі ғылымның ашылмаған қаншама сыры бар деп ойлаймын.