1)Көксерек пен қара ала төбет қырылады
2)Себебі, Көксерек ауылдағы иттердің жауы еді
3)Мысалы: Бір уақыт үлкен үйдің үлкен қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі. Бұны талап жатқанын көріп, өзге иттер де келіп шабынан алып, борбайынан созғылап өлтіруге айналып еді. Шаң-шұңмен балалар, үлкендер жиылып кеп, иттерді ұрып, зорға айырып алды. Бірақ Көксерек әлі күнге ешбір уақытта «қыңқ» етіп ауырсынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады.
4)Сондықтан да Көксерек бостандықты аңсады. Бостандыққа шығу үшін қожайынын өлтіреді.
Объяснение:
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғыша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарих-и-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына толық қаратты. Бұл кезде хандықтың шегарасы оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Оңтүстік-шығыста оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және солтүстік-шығыстағы территориясы Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау сілемдеріне дейін жетті, солтүстік-батысында Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы иеліктері де ұлғая түсті.
Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қырқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен сұлтандарының билігіне бағынып, қазақ хандығына көшіп келді.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырды, хандық сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі бір табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және Орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнады.
Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Еуропаға мәлім болды.
Қасым ханның ішкі саясаты:
Қасым хан сыртқы саясатпен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға қоя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шара жүзеге асырды. Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы болған мәслихаттың – сұлтандар мен ру басшыларының съезі болды.
Мәслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды – соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерін қарастырды. Мәслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқығы болды. Мәслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды.
Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге ханның заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқығы болды. Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым өкілдерінен тұратын кеңесші ұйым – Билер кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын хатшылары мен кеңсесі болды. Бірақ мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.
Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқықтық нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам діні (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өмірімен үйлесімді заң болды. Қасым хан Билер кеңесінде көппен ақылдасып, Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы болған жарғыны қайтадан жаңғыртқанын ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен. Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1)жұлдыз жорамалды қайдан тауып оқисын? можете перевести как: я узнала о звездах из текста 2)сен қандай жұлдыздардың құпиясын білесің? -ответьте на вопросы ! все свои
кайрат нуртас айелин он жыл жасырган