Абайдың 1 (бірінші) қара сөзі
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі – бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Абайдың 7 (жетінші) қара сөзі
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, "ол немене?", "бұл немене?" деп, "ол неге үйтеді?" деп, "бұл неге бүйтеді?" деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі "бұл немене, ол немене?" деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: "Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!" - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген а екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
Абайдың 31 (отызыншы бірінші) қара сөзі
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Тарихы тереңде қалалардың көшін Тараз қаласы бастайды. Орта ғасырлардан бері Тараз деген атауымен әйгілі қалаға ең бірінші келгендер - Ферғана алқабының өзбектері болған. 1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 - жылғы мерейтойын атап өтті. Көне Тараз шаһары Ұлы Жібек Жолыны бойында айрықша орны бар қалалардың бірі. Қарахан мемлекеті тұсында гүлденіп, мәртебелі қала статусына көтерілді. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, Жамбыл облысының әкімшілік орталығына айналды. Былтыр Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қасиетті, тарихи, көне шаһар Таразда тойланып өтті.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1нұсқа 1. дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз. a) ләззәт. b) күләндә. c) жәмила. d) күлай. e) дү. 2. туынды сын есімді табыңыз. a) нашар. b) ақ. c) аласа. d) абырой. e) аспалы. 3. “он төрт” – сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз. a) бөлшектiк. b) есептiк. c) болжалдық. d) реттiк. e) жинақтық. 4. өздік есімдігі қатысқан сөз тіркесін көрсетіңіз. a) көңілді қария. b) еңбектеген . c) өзіміздің . d) өнерлі жастар. e) мектеп оқушылары. 5. жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз. жүйрік ат – ердің қанаты. a) жалаң. b) жақсыз. c) атаулы. d) жайылма. e) сабақтас. 6. мақалдың тақырыбын анықтаңыз. білімді өлмес – қағазда аты қалар, ұста өлмес – істеген заты қалар. a) ілік. b) өнер-білім. c) достық. d) ерлік. e) денсаулық. 7. антоним сөздерді көрсетіңіз. a) шыбын — шіркей. b) бұлғақтау — бұралаңдау. c) аштық — тоқтық. d) аға — әке. e) көктем — жазғытұры. 8. заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз. a) әлдеқалай, солай. b) көрген, көрер. c) анау, сонау. d) демеуші, егінші. e) сіз, сенен. 9. күрделі сөзді көрсетіңіз. a) қабырғаңмен кеңес. b) тіс жармады. c) таза киім. d) сары уайымға салынды. e) жүріп келе жатыр еді. 10. негізі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді табыңыз. a) лып. b) қыңқ. c) тыртың. d) күмп. e) арс. 11. тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз. a) сызықша. b) дефис. c) қос нүкте. d) көп нүкте. e) үтір. 12. сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз. мектепте алты жүз оқиды. a) есімдік. b) етістіктің есімше түрі. c) зат есім. d) сан есім. e) сын есім. 13. көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. a) күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді. b) аттылар жақындаған сайын, төлегеннің жүрегі орнына түсе бастады. c) ауыл мәз-мәйрам болып, мерекені жақсы өткізді. d) жаңа ғана талып қалғандай, әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатты. e) әдейі танытпайын деп, ол бет- аузын таңып алыпты. 14. шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз. a) сөзге тапқырлық. b) келісімпаз болу. c) көп сөйлеу. d) өзін көрсету. e) көп тіл білу. 15. омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз. a) найза. b) қаралы. c) мін. d) жұт. e) ара. 16. ілгерінді ықпалды табыңыз. a) добым. b) мәдениет. c) машина. d) қамысбай. e) жанбады. 17. сөз аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз. a) өлең өлшемі. b) сұрап ал. c) атты кісі. d) көшенің бойы. e) қиындықтан қашса. 18. қосымшалы қос сөзді көрсетіңіз. a) -шағалы. b) үп-үлкен. c) қып-қызыл. d) төбе-төбе. e) алыс-жақын. 19. көмектес септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгілеңіз. a) баяғыда. b) әрең-әрең. c) кеңінен. d) жоғары. e) кезекпен. 20. күшейткіш демеулікті табыңыз. a) дейін b) сайын c) -ау d) ше e) -ды 21. тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз. a) – бұл үйдің жаны нешеу? , деді итбай. b) “бұл үйдің жаны нешеу”: деді итбай. c) – бұл үйдің жаны нешеу? деді: итбай. d) – бұл үйдің жаны нешеу? : деді итбай. e) – бұл үйдің жаны нешеу? - деді итбай. 22. кімің келіп кетті? сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз. a) зат есім. b) сұраулық шылау. c) дауыс интонациясы. d) сұрау есімдігі. e) көмекші етістік. 23. сен келіп қойғанбысың? сұраулық шылаудың түрлену түрін анықтаңыз. a) септелді. b) жіктелді. c) тәуелденді. d) көптік тұлғасында. e) көмектес септікте. 24. сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз. a) одағай сөзден кейін. b) бірыңғай мүшелердің арасында. c) атаулы сөйлемнен кейін. d) бастауыш пен баяндауыштың арасында. e) қыстырма сөзден кейін. 25. орфографиялық заңдылыққа қайшы сөзді көрсетіңіз. a) бұрыш. b) көрік. c) отырыс. d) көкшетау. e) қиян-гескі. 26. көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсетіңіз. a) . b) құрылысшылар. c) газеттер. d) кітаптар. e) ұндар. 27. түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз. a) алатау. b) әкел. c) мұратәлі. d) кейбір. e) ешқашан. 28. тұрақты сөз тіркесін табыңыз. a) тас жүрек. b) ашық күн. c) жұлып тастады. d) бас сүйек. e) қара торы. 29. жай сөйлемдер арасына тыныс белгісін қойыңыз. күн бесіндіге келген кезде көркемтайдың аулы астаң-кестең болды кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып жастар тұрды. a) үтір, сызықша. b) қос нүкте. c) үтір. d) сызықша. e) нүктелі үтір. 30. тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз. a) бұл даусыз; бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек. b) бұл даусыз – бірақ, осы қағиданың өңін айналдырмау керек. c) бұл даусыз, бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек. d) бұл даусыз – бірақ — осы қағиданың өңін айналдырмау керек. e) бұл даусыз, бірақ, осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
1. Дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз.
D) Күлай.
2. Туынды сын есімді табыңыз.
E) Аспалы.
3. “Он төрт” – сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз.
B) Есептiк.
4. Өздік есімдігі қатысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.
C) Өзіміздің балалар.
5. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз.
Жүйрік ат – ердің қанаты.
A) Жалаң.
6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Білімді өлмес – қағазда аты қалар,
Ұста өлмес – істеген заты қалар.
B) Өнер-білім.
7. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
C) Аштық — тоқтық.
8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз.
D) Демеуші, егінші.
9. Күрделі сөзді көрсетіңіз.
C) Таза киім.
10. Негізі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді табыңыз.
C) Тыртың.
11. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
A) Сызықша.
12. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз.
Мектепте алты жүз бала оқиды.
D) Сан есім.
13. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.
14. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз.
A) Сөзге тапқырлық.
15. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.
A) Найза.
16. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
D) Қамысбай.
17. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз.
E) Қиындықтан қашса.
18. Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіз.
A) Балалы-шағалы.
19. Көмектес септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгілеңіз.
E) Кезекпен.
20. Күшейткіш демеулікті табыңыз.
C) -ау
21. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.
E) – Бұл үйдің жаны нешеу?- деді Итбай.
22. Кімің келіп кетті?
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз.
D) Сұрау есімдігі.
23. Сен келіп қойғанбысың?
Сұраулық шылаудың түрлену түрін анықтаңыз.
B) Жіктелді.
24. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз.
D) Бастауыш пен баяндауыштың арасында.
25. Орфографиялық заңдылыққа қайшы сөзді көрсетіңіз.
E) Қиян-гескі.
26. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсетіңіз.
E) Ұндар.
27. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.
B) Әкел.
28. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Тас жүрек.
29. Жай сөйлемдер арасына тыныс белгісін қойыңыз.
Күн бесіндіге келген кезде Көркемтайдың аулы астаң-кестең болды кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып жастар тұрды.
B) Қос нүкте.
30. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
C) Бұл даусыз, бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек.