«Таза болса – табиғат, аман болар – адамзат» дегендей, табиғатпен адам арасындағы байланыс өте маңызды құбылыс . Адам табиғаттың бір бөлшегі. Шаршап- шалдыққан, жүйкесі ауырып, әлсіреген кезде таза ауада, табиғат аясында демалғанға не жетсін . Әсіресе отбасымен, бала- шағамен табиғатқа шығып, суға түсіп серуендеудің адам денсаулығына пайдасы зор. Қазақстанның табиғаты өте ғажап, тамаша! Жалаңаш тауына шығып көрсеңіз, қандай керемет,әсем! Биік – биік қарағайлар мен шыршаларға көз тоймайды. Таудың баурайы толған қойбүлдірген. Ал етегіндегі ағып жатқан Жалаңаштың мұздай суы бал татиды, әрі шөліңді қандырады. Бала – шаға шуылдап, жайқалған бүлдіргендерді теріп жеп, бір серігіп қалады екен. Нағыз демалыс деген табиғат аясы ғой. Мөлдір бұлақтың басында, қарағай мен шыршалардың арасында , таудың етегінде дәмді дастархан жайып демалып жатқанға не жетсін. Жазғы демалыста табиғат бесігіне бөленіп, саяхат жасаған денсаулықтың басты кепілі. Сондықтан да, табиғатымызды таза ұстап, денімізге саулық тілейік.
Anna389
26.11.2020
Апорт — алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктіктің орта белдеуінде (Солтүстік Кавказ, Іле Алатауы) кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт — кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.
менимше Дулат емеспе дим