Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән күйлерді тыңдай отырып, билерін, ою өрнектерін, зергерлік әшекейлерін көре аламыз. Біздің қазақтың салт-дәстүрі өте көп, олар: беташар, шілдехана, бесік той, наурыз және тағы басқалары жатады. Беташарда жаңа түскен келіннің бетін ашып, көпшілікке таныстырады. Бұл дәстүр ежелден келе жатқан дәстүр. Наурызда халық наурыз көже жасайды, ұлттық ойындар ойнайды және алтыбақан тебеді. Басқа елдерде де, өз ұлттық дәстүрлері бар. Салт дәстүрде әркім өзінің өнерін көрсетіп, әділ қазылар оларға баға қояды. Қазақтар өзінің дәстүрін ұмытпау керек. Бүгінгі күні Тәуелсіздігімізді алып, Тәуелсіз мемлекет атанып, өзге елдермен тереземіз тең болып отырған шақта біздер, бүгінгі жас ұрпақ ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді заман талабына сай қолданып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етеміз деп сөз береміз.
egorsalnikov1997139
09.05.2023
Генийдің өмір жолы әрқашан қиын. Шығармашылық дарынды адам өзінің өмірін және айналасындағы адамдардың, бүкіл әлемнің өмірін түсінуге тырысады. Мұндай адамдар өмір сүрудің, өмірдің және өлімнің мәні туралы философия мәселелеріне тереңірек ену туралы ойлайды. Мұндай адамдар жиі жоғары білімді, олар бітіргендіктен ғана емес, табиғатпен өте ақылға қонымды болғандықтан. Тіпті ежелгі грек пәлсапашылары да былай дейді: «Сендер білесіңдер, соғұрлым көп азап шегіңдер. Шығармашылық адамның өмірі іздестіруге және азап шеккендерге толы және оның өмір салты жеке және ерекше болғандықтан ғана оның көп жақты әлемін түсіну өте қиын. Бұл адамдар басқалардан мүлдем өзгеше.
Golubovskayairina
09.05.2023
Əр халықтың өзінің ана тілі болады. Сол сияқты қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі. Кезінде қазақ тілін зерттеген атақты ресейлік шығыстанушы-ғалым В.В.Радлов өзінің жазбаларында қазақ тілімізге мынадай анықтама беріп кеткен екен: «Қазақтардың тілі жатық та шешен, əрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен, сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дəрежесінде сөйлей біледі».
Уақыт өтіп жатыр, жаңа заман, заманына қарай жастардың да дүниетанымы өзгерген. Соған орай, қазіргі технология заманында жоғары оқу орындарында, мектептерде сабақтарда, оның ішінде қазақ тілін оқытып-үйрету кезінде технологияны көп қолдану керек, бұл қазіргі уақытта көп сұранысқа ие дүние болып тұр. Білім мекемелерінде оқытылатын пəндер арасында қазақ тілі пəнінен алатын орны ерекше. Қазақ тілі өте бай тіл. Дегенмен де, бір жағынан, өте күрделі тіл. Себебі бір сөзінің өзі сан алуан мағынаны білдіруі мүмкін. Өзге ұлт өкілдерін оқыту барысында ұстаздың оқушыларға осыны түсіндіруде көп қиындықтарға тап болатындығы анық. Қазіргі таңда оқу мекемелерінде қазақ тілін оқыту басты мақсаттардың бірі болып отыр. Оқыту əдістерінде əр түрлі жаңа технологиялардың пайдаланылып жатқаны белгілі. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты оқушылардың сөздік қорын байыту, сонымен қатар сауатты жаза білуге баулу болып табылады. Сол себептен барлық ұстаздар білім берудің жаңа тəсілдерін білуге міндетті. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын басты ақпараттық технологиялар интерактивтік тақта, теледидар, электронды оқулықтар болып табылады
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Эссе на казахском - традиции и обычаи казахского народа.
Біздің қазақтың салт-дәстүрі өте көп, олар: беташар, шілдехана, бесік той, наурыз және тағы басқалары жатады. Беташарда жаңа түскен келіннің бетін ашып, көпшілікке таныстырады. Бұл дәстүр ежелден келе жатқан дәстүр. Наурызда халық наурыз көже жасайды, ұлттық ойындар ойнайды және алтыбақан тебеді. Басқа елдерде де, өз ұлттық дәстүрлері бар.
Салт дәстүрде әркім өзінің өнерін көрсетіп, әділ қазылар оларға баға қояды. Қазақтар өзінің дәстүрін ұмытпау керек.
Бүгінгі күні Тәуелсіздігімізді алып, Тәуелсіз мемлекет атанып, өзге елдермен тереземіз тең болып отырған шақта біздер, бүгінгі жас ұрпақ ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді заман талабына сай қолданып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етеміз деп сөз береміз.