skvorec3424
?>

Жаңа ноутбук сатып алуыңызға байланысты үйіңіздегі қолданыста болған компьютеріңізді құрылғыларымен (процессор, пернетақта, тінтуір) сататыныңыз туралы хабарландыру мәтінін жазыңыз. .

Казахский язык

Ответы

Ирина-Макаркина253

Хабарландыру!

Жаңа ноутбук сатып алғаныма байланысты қолданыста болған компьютерімді құрылғыларымен қоса сатамын. Өте жақсы күйде, бір жыл қолданыста болған. Процессоры өте қуатты, әрі жылдам. Пернетақтасы өте жақсы күйде, қазақ әріптерінің барлығы жазылған. Тінтуірді сыйлыққа беремін! Бағасы өте тиімді.

559977 нөміріне хабарласыңыздар!

alena

<<Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады» деген ауыздан шыққан әр лебізге жауапкершілікпен қараған бабаларымыздан көп ілгері кете қойған жокпыз-ау! Өйткені, бүгінгі сөйлеген сөзіміздің түпкі нәтижесі шынайылықты мәнiнен қиын. Көпшіліктің басы жиі қосылатын той-томалаққа бара қалсақ, асабалардың: «Зима халада, гуси-гуси га-га-га, толыватыр тамада, қуыс-ҚУЫС қалада, қол соқпайсыздар ма, ойыншық па сіздерге тамада» деген секілді «әдемi> әзілдеріне «қарық болып» қайтамыз. Мағынасыз сөзі, анайы қалжыңдарына қайта-қайта қошемет сұрап алатын оларға қарап, «ұялмас бетке талмас жақ бiтетiнiн» тағы мойындаймыз. Анығында «оттың шаласынан сөздің шаласы жаман>> емес пе еді? Осы шала сөздердің бізге тигізер зияны туралы ойланып көрдік пе? Сөз жауапкершілігі, сөйлеу мәдениеті мамандар талқылауындағы бүгінгі тақырып ОСЫ.

Grigorev_Nikita794

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды. 2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді. 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Жаңа ноутбук сатып алуыңызға байланысты үйіңіздегі қолданыста болған компьютеріңізді құрылғыларымен (процессор, пернетақта, тінтуір) сататыныңыз туралы хабарландыру мәтінін жазыңыз. .
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

mar77873
eurostom
Станиславович ыфвыв
с казахским скажите правильный ответ от
ovalenceva77
kun1969
zimbickij19
Konchenko1980
ЮлияНиколаевна1748
grazia2017
pimenov5
sveta1308
Дмитрий Бундин
akuznecov8989
ИвановнаВладимир1832
ignashkinamasha