Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!
Бүгінде бүкіл дүниежүзілік мұраны іс жүзінде арнайы орын не жай бөлмей-ақ, үйге не кеңсеге сыйдыруға болады. Электронды кітапханаға Интернетке қосылған кез-келген компьютер не мобильді құрылғы арқылы қол жеткізе аласыз. Қажетті кітапты табу қиындық туғызбайды. Электронды кітапхананың міндетті элементтерінің бірі болып баспалдақты құрылымды электронды каталог саналады, ол кітапты қосу не жою шараларына байланысты автоматты түрде толықтырылады және жаңартылады. Сонымен қатар, электронды кітап қоймасында іздеу жүйесі қарастырылған, мұнда кітапты атауымен, авторымен, шығу мерзімі және басқа деректерге байланысты тауып алуға болады.
Кітапхана мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізгі болып табылады. Кітапханаларда оқу феноменін тиімді пайдалану мен дамытудың сан ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі сақталған. Олар кітаптарда жинақталған адамзат жадының, ұлт жадының алтын қоры, ал кітапханашылар – сол теңдесіз қазынаның шырақшылары іспеттес.
Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан шырағы бтік парасатталық пен білімділіктің киелі ордасы. Заманымыздың әр кезеңінде кітапханашы қызметі туралы ұғым жоғары болуы тиіс. Кітапханашы кітапханада тек кітап береді деген тар ұғым орнына, қоғамда кітапханашы мамандығының қажеттілігін мойындайтын оң пікірлер мен көзқарастар қалыптастыру керек. Кітапханашы маманы туралы түсінік терең мәнді, қажеттілігі жоғары болуына көңіл бөлінуі тиіс.
Бүгінгі кітапхана ұжымдары өздерінің дәстүрлі болмысына табан тірей тұрып, осы заманғы ақпараттық жаңа технологиялар қоғамның тірек элементтеріне айналуға ұмтылған әлеуетті, әлеуметтік топқа жатады. Кітапхана қызметін автоматтандыру мен компьютерлендіру деңгейі, бұл процестерді электрондық үкімет жүйесінде пайдалану мүмкіндіктері осыған меңзейді. Қазір жекелеген электронды кітапханалар ғана емес, мемлекеттік деңгейде орталықтандырылыған электрондық кітапханалар жүйесін құру мәсілесі де күн тәртібіне қойылып отыр. Мұндай ірі жобалар мемлекеттік бюджеттің қолдауымен белсенді түрді жүзеге асырыла бастады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
"менiн досым" написать текст (если можно с перводом на я плоховата в казахском) текст можно не сильно большой.