Mamikin
?>

Как переводится эти слово кеге тəн қ

Казахский язык

Ответы

ludmila-malev280
Священное качество вот так вот переводится
Shteinbakh

Менің туған өлкем

Объяснение:

Менің туған өлкем Қазақстан. Мен сонда өстім. Өз туған өлкемді қатты жақсы көремін. Ол жердің суы да қары да мұзы да керемет. Ол жер жәннәт сияқты. Ол жердің ерекшелігі тауларында,. Мен бір екі күн басқа жерге кетсем, өз туған өлкемді, кіндік қаным тамған жерді қатты сағынамын. Өзімнің туған өлкем ешбір қала ға еш дала ға ұқсамайды. Тіпті олардан да асып кетеді. Мен мәңгілік өщімнің туған өлкемде тұрамын. Біреу қуып жіберседе еш қайда бармаймын. Менің туған жерім Қазақстан. Туған жерім өлкем сені қатты жақсы көремін

avdoyan6621

Тіл – адамзаттың құдіретті құралы, теңдесі жоқ қазынасы. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Қай ұлт болмасын оның ең басты байлығы – ана тілі. Сол ана тілінде сөйлей білуі. Ана тілі – а ң бойына ана сүтімен дарып, сіңіп, атадан балаға мұра болып қалады. Ана тілінде сөйлеу – әрқайсымыздың борышымыз. Әр адам ана тілін көзінің ағы мен қарасындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс.

Бауыржан Момышұлы өзінің бір сөзінде «Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады» - деген екен. Шынында, сол кездегі Кеңес үкіметінің жүргізген саясаты тек қазақ халқы емес, сол үкіметтің құрамына еңген халықтардың барлығын жаппай орыс тілінде сөйлету болды. Сол Кеңес үкіметі дәуірінде туып-өскен адамның бірі – менмін. Әкем коммунист болса да, сол тұста сегіз баласын түгелімен қазақ мектебіне берген. Өз басым бойжеткен шағымда, орыс тілді ортаға түскенде, орыс тілін білмегеніме, айтайын деген ойымды жеткізе алмағаныма іштей қынжылатынмын, сол кезде ата-анама неге бізді орыс мектебіне бермедіңдер, неге орыс тілін үйретпедіңдер деп кінәлайтынмын. Ал қазіргі таңда кейбір қандастарымыздың өз ана тілін білмей, үйренгісі де келмей жүргенін көргенімде әкемді бекер кінәлағанымды түсіндім. Керісінше, орыс тілі дәуірлеп тұрған заманда әкемнің бізді қазақ мектебіне беруі ерлік екенін, оның бұлай жасауы көрегендігі екенін ұқтым. Себебі, ол кісі балаларының өз ана тілін біліп, құрмет тұтсын дегені екен. Ал еліміз дербес мемлекет болып, қазақ тілі өз мәртебесіне ие болған шақта, өз ана тілімде оқып, білім алғаныма қатты қуандым.

Қазіргі кезде менің орыс мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беріп жүгеніме 18 жыл болыпты, әрине, жұмыс барысында, орыс тілін жетік білмегендіктен, әсіресе, сынып жетекшілік жүктелгенде, қиыншылықтар көптеп кездесті. Соны жеңе білуге тырыстым, қазір 100 пайыз орыс тілін меңгеріп кетпесем де, тілді түсініп, сөйлей алатыныма қуанамын, өз ана тілімді жетік білетініме мақтанамын. Бұлай дейтін себебім, мен қатарлы қазақ азаматтары мен азаматшалардың көпшілігінің өз ана тілін білмеуі және олардың өз ана тілін меңгергілері келмеуіне қарап, олардың жүректерінде өз тілдеріне деген махаббат сезімі жоқ сияқты ма деген ойға қалам. Олардың айтуынша, олар Кеңес дәуірінде орысша оқып, білім алған, сол себепті де өз балаларымызды орыс мектебіне оқуға бердік, өйткені ана тілін білмейміз, қазақша түсінбейміз, балаларымыздың оқуына көмек бере алмаймыз дейді. Сонда бойымызға ана сүтімен дарыған ана тіліміз қазіргі таңда қоғамымызда қажеттілік тудырмай тұр ма?

Халық даналығы «Ананың балаға берер ең асылы - тілі»  дейді. Ана тілі деп аталуы да содан. Бойымызға сол ананың сүтімен берілген анамның тілін ұмыту, білмеу  - бұл үлкен қателік. Осыны біздің қоғамның кейбір азаматтары түсінсе деп ойлаймын. Тарих ғылымының докторы, профессор  Нәбижан Мұқамедханұлы: «Алтынды басқаларға  қаздырып алармыз,  бірақ қазақ тілін  басқалар арқылы  дамыта алмаймыз. Қазақ тілін  тек қазақ халқының өзі ғана мемлекеттік тіл деңгейіне  жеткізе алады.  Ұлттық тіліміздің, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге  барлық қазақ  ортақ күш  салуға тиіспіз деп ойлаймыз» - деп жазған екен.

Әрине, қазіргі заманда тек ана тілімен шектеліп қалу мүмкін еместігін түсінемін. Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарында болған. Әлемнің ірі мемлекеттері көп тілді, әсіресе, халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың алға қарай дамып, өркениеттен кеш қалмауы үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Ақын Қадыр Мырзалиевтің

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте – деген сөзін дұрыс түсіне білу керек. Қазіргі кезде көп тілді білу – заман талабы. Себебі, бірнеше тілді меңгеріп, еркін сөйлей де, жаза да білген маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналып отыр. Осыған орай, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында. Саналы азамат ретінде біз үш тұғырлы тіл саясатын да қолдай отырып, мемлекеттік тілді дамытуға ат салысайық, сонымен қатар орыс, ағылшын тілдерін қажетіне қарай үйренейік.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Как переводится эти слово кеге тəн қ
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

omigunova39
afomin63
Avshirokova51
Вера1072
sn009
joini09
ritckshulga20112
Aleksei1463
Валиахметова
Alekseevich_Viktorovna
aninepp
Kuzminastia20038
makscska22879
tatianaesipenko
olyafom1234