mushatolga
?>

Салт-дастур-тарбие негизи туралы эссе

Казахский язык

Ответы

aguliaeva

Салт - дәстүр - тәрбие негізі.

Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Бізде өз кезегімізде бұл құндылықтарды қастерлеп, келер ұрпаққа осы күйінде жеткізуіміз керек.

Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.

Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.

Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүр, ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет.

Ауыз тию – қазақтың ежелден келе жатқан ғұрытарының бірі. Үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.

Байғазы – балалар мен жасөспірімдер бір жаңа нәрсеге ие болғанда жақын туыстарынан байғазы сұрайтын дәстүр қалыптасқан. Байғазы сұраушының көңілін қайтармай ақшалай, не заттай сыйлық беріледі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт-дәстүрге ерекше мән беруіміз керек.

Busyashaa

Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық және наурызкөже жасау мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз жырын айтып, наурыз тойын өткізеді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін қүрылған Кеңес өкіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып, 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Тек елімізде демократиялық ағым бел ала бастаған 1988 жылдан бүкілхалықтық мейрам ретінде атап өтілетін болды. Абай «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың сонау «хибаги», «хүзағи» деп аталған заманға дейін апарып: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың Ұлы күні» дейді екен», - деп жазады.

a1rwalk3r

Қазақтар жайлы...

Д.У. Уарделл, ағылшын инженері:

Қазақтар – ержүрек, еріндікті сүйетін халық. Бірақ өзге көшпенділер сияқты елгезектеу. Олар достарына ақкөңіл де, қонақжай, алайда жауларына аяусыз. Оларға табиғат шешендік пен әзіл-мысқыл сезімін молынан сыйлаған. Ұлға үлкенді құрметтеу, әкеге әкелік борышын сезіне білу қасиеті тән.

Юджин Скайлер, американдық дипломат, ғалым:

Қырғыздар (қазақтар) басқа да азияттық халықтарға қарағанда бейне бір бала мінезділігімен ерекшеленеді. Олармен өте жақын танысқаннан кейін қырғыздарды (қазақтарды) құрметтемеуге, жақсы көрмеуге ешқандай шараң қалмайды. Орта Азияда тұрған барлық адамдар - қырғыздар (қазақтар) басқа тайпалардан жоғары тұр деген пікір айтады.

Э.С. Вульорсон:

Қазақ сияқты ән мен жырды қастерлейтін халықты табу қиын. Кең жазирада жүйткіп жүретін бұл халық бір ауылға келгенін әнмен білдіреді. Қуаныш-қайғысының бәрі әнмен өріледі. Әншілерін өте жоғары бағалайды. Ерлерден әйелдер де қалыспайды. Киргизы. М., 1901

Адольф Янушкевич, поляк зерттеушісі:

...Қазақтардың ойлау қабілетінің кереметтігіне барған сайын көзім жетті. Әр қазақ өз шаруасын жете түсіндіреді. Бірнеше күн бұрын өзара дауласқан екі партияның қақтығысына куә болдым. Сонда Демосфен мен Цицерон жайлы өмірі естімеген шешендерге таң қалып, қол соққанмын. Сонда бұлар тағы, жабайы болғаны ма? Жо-жоқ, Имандай шыным! Тәңірім бойына осынша қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес. Дневник и письма из путешествия по казахским степям.

Каруц Рихард, неміс этнографы:

...Маңғышлақ – балалардың нағыз жұмағы. Бұл ұлан далада шүпірлеген қазақ баласы құрбы-құрдас, ойнайтын жер, ата-ана мейірімінен кенде емес. Мұнда "бала дәуірі" үшін әлек болудың қажеті жоқ, мұнда мыңдаған жылдардан бері баланың өзі би, өзі қожа. Бала есейе келе көшпелі тұрмыстың қатаң шындығы оған өз талабын қоя бастайды. Ол ертеңгісін тезек теріп, кішкентай баланы көтеріп ойнату, құдықтан су тасып мал суару, қой сауу т.б. жұмыстарға көмектеседі. Ол атқа мінуге ерте үйренеді. Среди киргизов и туркмен на Мангышлаке.

Генрих Клапрот, қытайтанушы ғалым:

1806 жылдың күзі мен жазында Ертістің жоғары ағысын бойлап, төменгі Зайсан нұр көліне дейін барған саяхат кезінде күн сайын қазақтарды кезіктірдім. Аздап түркі тілін білетіндігім Орта жүз қазақтарымен сөйлесуіме септігін тигізді. Кейінірек басқа екі жүздің қазақтарымен кездескенімде олардың диалектісіз, бір тілде сөйлейтіндеріне көзім жетті. Қазақ тілі олардың түркі халқы екенін дәлелдейді. 1825 жыл. Париждегі «Азия» журналына француз тілінде жарияланған мақаласынан.

Элизе Рекло, француз географы:

Бүкіл еуропалық Ресейдің көлеміндей жерді Еділ жағалауынан Тарым алқабына дейін, Амударияның аяғынан Ертіске дейінгі өңірді алып жатқан қазақ ұлтын бөгде әскерлерге ұшырамаған ең таза түрік нәсіліне жатқызуға болады. Олар жақыннан қыз алыспайтын эгзогамистерге жатады. Земля и люди. Азиятская Россия

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Салт-дастур-тарбие негизи туралы эссе
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

fotomuha1
dimkimka386
zoocenterivanoff51
d43irina
Kostyuchik-Astakhov531
Mukhlaev-Olga
semenoffufc8
deshkina82
volodin-alexander
Dodkhobekovich1683
vitalis79
macmakka
Adabir20156806
gardenstreet5
dariagromova54