Қазақстан облыстары мен қалалары туралы диалог
- Ағай, сәлеметсіз бе!
- Сәлем, Айбарыс! Қалың қалай, сабағың қалай?
- Бәрі жақсы, рахмет. Кеше өзіңіз тарих сабағынан көмектесіп едіңіз ғой, сол хабарлама дайындағаным үшін бүгін «бес» алдым.
- Жарайсың! Өте қуаныштымын!
- Ағай, ренжімесеңіз, тағы сіздің көмегіңіз керек болып тұр?
- Айта ғой, қандай көмек, қолымнан келіп жатса, көмектесейін?
- Бұл жолы географияға байланысты тапсырма. Қазақстан облыстары мен қалалары туралы хабарлама әзірлеуім керек.
- Оның еш қиындығы жоқ қой. Сұрақтарың бар ма, сұрай бер.
- Қазақстан Республикасының аумағында неше облыс пен қала бар?
- Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді.
- Ол қандай қалалар, атап өтсеңіз.
- Астана қаласы — Қазақстан Республикасының елордасы, Алматы және Шымкент қалалары — республикалық маңызы бар қалалар.
- Жер аумағы бойынша ең үлкен облыс?
- Қарағанды облысы.
- Ал жер аумағы бойынша ең кіші облыс қайсы?
- Бұл сұрақтың жауабы: Солтүстік Қазақстан облысы болады.
- Ақмола облысының орталығын айта кетсеңіз?
- Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласы.
- Ағай, уақытыңызды бөліп, маған көмектескеніңізге көп рахмет!
- Оқасы жоқ, бауырым! Тағы да «бес» аласың деп ойлаймын!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Атты іскер тақырыбына өссе жазып бересіздерме? алдын ала рахмет.