ответ: алматының әрбір миллиметрі –оның әсем жері. елімізге келген туристерді алматының таулары қызықтыратыны сөзсіз. сол себепті ең бірінші алматының адам қолы әзірге тие қомаған, көз тартар әдемілігін жоғалтпаған тауларына апарар едім. таза ауа, ну орман, салқын, оған қоса емдік қасиеті бар бұлақ шулы қаладан шаршаған туристердің миын сергітетіні анық. тағы бір қызығы сол таулардың баурайында жайлау, жайлауда көптеген алма ағаштары бар, алматының неге "алматы" аталуын сол жердегі алмаларды көрсетіп, туристтерге айтуға болады.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Аяз би ертегісіндегі халық арманы эссе жазу керек. 80-100 сөз. көмектесіңіздерші
Эссе
Аяз би ертегісіндегі халық арманы.
Ата-бабаларымыздан бүгінгі күнге көптеген ертегілер қалды.Солардың бірі – "Аяз би" ертегісі."Аяз би әліңді біл,құмырсқа жолыңды біл" деген бір-екі ауыз сөзді білмейтін адам жоқ шығар,сірә.Ертегінің бас кейіпкері – Жаман.Бұл кейіпкер - халықтың "елді осындай адам билесе екен" деген тілегінен туған кейіпкер.
Жаман ертегі барысында өзінің жақсы қырларын көрсетеді.Ханға жаман адамды,жаман шөп пен құсты анықтап береді.Қасиетті тастың,ханның тұлпарының сырын ашып береді.Тіпті хан:"Мен хан ұрпағынанмын ба?" деп оны анықтауды бұйырғанда,Жаман ханның отбасында тек өзі хан екенінің,арғы аталарының бәрі наубайшы болғандығын дәл айтып береді.Хандықтағы ауқатты байдың отыз бестегі қызын да өзінің ақылдылығымен,қайсарлығымен алады.Жаманның ханның сүйікті уәзірі болғандығын көре алмаған қалған уәзірлердің қастандықтарына да төтеп беріп,әділ болады.Ең соңында халық оны ақ киізге көтеріп хан сайлайды.
Қорытындылай келе,ертегіде «Жаман таққа мінген соң, ешбір соғыссыз, бес хандықтың қонысын біріктіріп, ел арасында достық орнатыпты» делінген. Әр ханның адамдары өз елінен әділдік таппаса, бұған келіп, қосыла беріпті. Сол уақыттан бастап әділдігі үшін бес ханның елі Жаманға: «Аяз би» деп ат қойып, сол аты өле-өлгенше қалды дейді.Оның жасаған әр ісінен көреген хан болғандығын байқаймыз.