Менің туған жерім- егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Написать эссе на тему " три главных языка " (150 слов) на казахском языке
тілдерді – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бөлігінің біріне айналып отыр. үштұғырлы тіл туралы алғаш рет н.назарбаев 2007 жылы өз жолдауында оны жүзеге асырылу кезеңдерін айқындап берген еді. мұнда тілдердің үш тұғырлылығына нақты анықтама беріліп, қазақ тілі мемлекеттік дәрежеде барлық салада қоғамды біріктіруші қызметін атқарса, орыс тілі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етіп, ал ағылшын тілі әлемдік ға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет ететіндігі айтылған-тын.
бұл жерде ескеретін мәселені баршылық. дүниежүзілік қауымдастықта қазақстан өзінің лайықты орнын алу жолында басқа мемлекеттермен қ және мәдени тығыз қарым-қатынасқа түсу барысында соған сәйкестелген тілдік саясатында да оңтайлы қажеттігі туындайды. бүгінде білім және ғылым министрлігі үш тілде оқытудың бағдарламасын жасап, оны кезең-кезеңмен жүзеге асырудың жобасын дайындағаны баршаға белгілі. үш тілде оқыту енді сөз жүзінде қалмай, оны мектепте оқудың пәндік негіздері алдағы үш жылда толық жүзеге асатын болады. мұның тиімділігін министр ерлан сағадиев бұған дейін бірнеше рет мінберлерден айтып үлгерді. бұдан кейін алдағы үш жылда жоғары сыныптың оқушылары кейбір сабақтарды тұтас ағылшын тілінде өтпек.елімізде тілдің үштұғырлы саясаты мәселесі сөз болғанда оның тиімділігіне баса назар аударылады. бірінші кезекте бұл халықтың өзара түсінісуі мен ынтымақтастық жағдайында өмір сүруі үшін аса қажет өркениеттің негізгі талабы болмақ. қазір орта мектептерде үш тілді оқытудың негізін қалыптастыру, әр түрлі оқыту технологияларын қолдану арқылы оқушының бойына тілге деген қызығушылығын, оны үйренуге деген құштарлығын арттыруды жолға қою үшін кешенді бағдарламалар әзірленуде.