Қазтуған - Алтын Орда заманындағы ноғайлы-қазақ дәуірі єдебиетінің ірі өкілі. Ноғайлы аталып, артынан бір-бірінен бөлініп кеткен түбі бір, тілі бір түркі тілдес тайпалардың шынтуайтқа келгенде, сол кезде жеке халық болып қалыптасқан қазақтардың бай әдебиеті, ақын-жыраулар поэзиясының бастауында тұрған үлкен эпик ақын. Оның шығармалары бүгінгі уақытқа толық жеткен жоқ, көбі мүлде ұмыт қалса, қолда бары баспа бетін көріп келе жатқандары үзінді күйінде ғана ақын мұрасынан азды-көпті мағлұмат береді. Қазтуған жыраудың алғаш өлеңдерін Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында жарияланса, кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды», «Ұлы арман», Ленинградтан тұңғыш рет орыс тілінде жарық көген «Поэтика Казахстана», «Поэты пяти веков» жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі єдебиет» хрестоматиясында басылды. Жырау өмірі мен шығармашылығы туралы азды-көпті болсын С.Сейфуллин, М.Мағауин, Є.Дербісәлин, Қ.Сыдыиқов, Х. Сүйіншәлиев, Ж. Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы ғалымдар қалам тербеді.
Қолымда Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы. Аялай ұстап, толқи оқимын. «Біздің кейде өткенді еске алсақ болды, тұтас тұлға іздеп, бүтін бір жүйелі оқиға іздеп, кесек-кесек кереметтер іздеуге ерекше мән беріп қарайтынымыз бар. Дәл осы өлшем балғын кезге келе бермейді. Өйткені бала жүрегі, бала көңілі, бала ойы алғашқы көргенін, алғашқы сезгенін, алғашқы тұшынғанын қаз-қалпында, тұнық күйінде болмысына ұйытып алады да, сол қалпында сақтай біледі.
Бала қиялы ол көргендерінен көлемді ой түйіп жатпайды. Қайта үзік-үзік үміттің өзінен рақат сезімге бөлене береді. Дәл қазір менің көз алдымда сонау сәби кездегі қызық пен қуаныштың елестері түйдек-түйдек жаңғырығып, жанымды жай таптырмай отыр».
Баукеңнің осынау тебіреніске толы көңіл күйі менің жан дүниемді зілзалаға салып отыр десем, өмірдің ащы-тұщысынан немесе тәтті-дәмдісінен аузы уылған біраз адамдар кекесінмен сүле-сапа, қыжырта қабылдарына күмәнданбаймын.
Балғын балалық шағын өткен ғасырдың 20-50-ші жылдар аралығындағы қан-қасап қырғындар мен ашаршылықта, үрей мен кіріптарлықта, аштық пен жоқшылықта өткізген бақытсыз ұрпақтың қиянға құлаш ұрар әсершіл періште сезімге бөленген қымбатты естеліктері, әрине, тапшы болды. Ал бүгінгі жастардың болашағына алаңдаған Баукеңнің: «Ертексіз өскен бала –
рухани мүгедек а ларымызға әжелері не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам, менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі керең болып қалмаса деп қорқамын», деп қауіп етуге толық қақысы болғанын ендігі жерде дәлелдеп тыраштанудың жөні болмас.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составте предложение со словом танымал на казахском языке