Қазіргі заманда шекара жойылған. Еліміз еңсесін көтеріп, егемендігін алған тұста майталман математик Асқар Жұмаділдаев бастаған білікті ғалымдар Батыстың маңдайалды оқу орындарында еңбек етіп, қазақ ғылымының әлеуетін сырт елге танытты.
Дүниежүзінде Нобель сыйлығын алуды армандайтын ғалым жоқ шығар?! Нобельге тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш ие болып, алаштың абыройын асырған дарынды ұлдың есімі – Достай Раманқұлов.
Ол – Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеттің түлегі. Ғалым еліміздің Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі және «КАТЭП» Ұлттық атом компанияларының бұрынғы еңбеккерлерінің бірі.
1)Қазақстандық химик ғалымдар - Қазақстанда химия ғылымының дамуына аянбай еңбек сіңіріп, аттары әйгілі болған ғалымдар көп.
Солардың ішінен Е. Н. Әзірбаев, Ә. Б. Бектұров, Б. А. Бірімжанов, М. А. Горяев, М. Т. Козловский, С. Р. Рафиков, Д. В. Сокольский, О. А. Сонгина, М. И. Усанович, Т. К. Шомбалов, Ш. Б. Батталова, Б. А. Жұбанов, Е. Е. Ерғожин, Г. Д. Закүнбаева, А. Ш. Шәріпқанов, т. б. химия ғылымы докторларының осы ғылым саласына қосқан үлесі зор.
2)Гаухар Дәуленқызы Закүнбаева қазір Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері, органикалық катализ және электрохимия институтын басқарған. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі VIII топ элементтерінің адсорбциялық қасиеттерін толық зерттеп, соның нәтижесінде ацетилен және оның туындыларын гидролиздеу үшін жоғары белсенді жөне талғамды ершіткілер алды.
Ал Шарбан Батталқызы Батталова Қазақстан Ғылым академиясының академигі, ол мұнай өнімдерін өңдеуге қажетті әр түрлі өршіткілер тауып, олар халық шаруашылығында пайдаланылуда, әр түрлі шикізат қорларын ашуға мүмкіндік туғызды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
“гуламанын устазы” такырыбында шыгарма.
Әл-Фараби ертедегі Қазақстан жерінен шыққан, қазақ топырағында дүниеге келген, ғұлама ғалым, Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері – Отырар (Фараб) қаласы. Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең ғұламасы – Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз” , “Шығыстың Аристотелі” ұлы ғұлама.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының жанұясында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен “Әл-Фараби”, яғни “Фарабтық” деген атқа ие болған.