Anastasiya Yevseeva948
?>

Перевод на русский даудақ​

Казахский язык

Ответы

Misyura_Viktoriya1683

ответ:губа

Объяснение:

Поэтому ..,,

kapustina198690

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихы мен ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із

қалдырды. Сонымен қатар ол көрнекті ақын əрі жазушы

болды. Оның қаламынан бойындағы тамаша талантын

танытқан маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол

өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды

тəрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің сол оқу-өнер, білім мəселесімен

сабақтастығы анық. Оның ақындық шабытына дем

беріп, жазушылық қиялына қанат бітірген зор нысана – қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту,

оны озық мəдениетті елдердің қатарына қосу болды.

Осы жолда ол бойындағы бар күш-қуатын, қабілеті

мен білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тың бастамалар жасап, соған бүкіл саналы ғұмырын арнады. Ыбырай қазақ ішінде халық ағарту жұмысын бірінші болып

қолға алған, сол жолда өмірінің ақырына дейін үздіксіз

еңбек еткен жалынды патриот болды.

Ыбырай халық ағарту ісінде қандай елеулі орын

алса, əдебиет пен мəдениетіміздің тарихынан да

сондай екшеулі орын алады. Ол – қазақтың жазба əдебиеті мен тілінің негізін қалаушылардың бірі.

Əдебиетке тың тақырыптар əкеліп, озық ойлар енгізді.

Шығармаларын шиеленіскен тартыстар мен соны бейнелер негізінде жаңғыртып, бұрын болмаған жанрлар арқылы əдебиетті мазмұны жағынан ғана емес, түр

жағынан да дамытты. Оның мағынасы терең тағлымды

өлеңдері, қысқа да əсерлі əңгімелері төл сөз өнеріміздің

тарихында айрықша орын алды. Əсіресе оның төл туындылары мен аударма шығармаларында балалар

əдебиетіне қойылатын негізгі талаптардың барлығы

да, атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы,

құрылысының қарапайымдылығы, тілінің таза, түсінікті

əрі шұрайлылығы жəне оқушы ұғымы мен жасына  

сəйкес көркем əрі қызықты баяндалуы, тағы басқалар

анық байқалады.

Сайып келгенде, мұның бəрі Ыбырай Алтынсариннің қазақ əдебиеті мен мəдениетінің тарихындағы айрықша орны барын көрсетеді.

Ыбырай Алтынсариннің əдеби-педагогикалық мұрасы туралы қаншама дүние жазылса да, аздық етері

анық. Олай дейтініміз, уақыт озған сайын, замана сазына орай ұлы ағартушы, көрнекті ақын əрі жазушы

мұрасына деген ұрпақ көзқарасы да өзгермек. Бұл – өмір

талабы əрі бұлтартпас заңдылық.

Осы тұрғыдан келгенде, Ыбырай шығармаларының

көркемдік, тілдік ерекшеліктері туралы бұрынғы-соңды

жазылып, жарияланған еңбектерді саралап-салмақтау

бүгінгі күннің талабы десек болады. Осы жайттарды

ескере келіп жəне қолда бар материалдарды пайдаланып, шама-шарқымызша педагог-жазушының шығармалары жайында жазылған осы тараптағы еңбектерді

іріктеп, жинақ көлеміне сəйкестендіріп, жариялап

отырмыз.

Бұл томда құрастыруда мына төмендегідей ұстанымдар басшылыққа алынды. Біріншіден, Ы. Алтынсариннің аса бай мұрасына қатысты əр кезеңде жазылып, жарияланған еңбектер іріктелініп əрі көтерген

мəселесі мен тақырыбына орай бес томдық болып

топтастырылған болса, мына үшінші том жинағына

Ыбырай Алтынсариннің қазақ жазба əдебиеті мен

тілінің негізін қалаушы ретіндегі шығармаларына талдау жасаған, сындарлы ой-пікірлер қозғаған тілші,

əдебиетші ғалымдардың еңбектері енгізілді.

Екіншіден, жоғарыда атап өткеніміздей, көптомдықты құрастырып, шығару барысында бірізділік берік

сақталып, яғни ыбырайтанушылардың кеңестік кезеңнің

салқыны сезілетін жарияланымдары мен тəуелсіздік

тұстағы таралымдары сол қалпында еш өзгеріссіз

берілді. Бұл – осы тақырыпқа қызығушылық танытушы  

оқырман мен ізденушілерге салыстырмалы түрде зерттеу жүргізу үшін арналған ұстаным.

Үшіншіден, осы тұрғыдағы жарияланымдарды

шыққан мезгіл-мерзімі бойынша түзіп, əуелі кеңестік,

сосын тəуелсіздік кезеңге сəйкестендіріп беру мəселесі

ойластырылды.

Қорыта айтқанда, аталмыш том Ы. Алтынсариннің

мұрасына қызығушылық танытушы жалпы оқырман

қауым мен ізденушілердің кəдесіне жарайды деген ойдамыз.

Объяснение: сделайте лучшим ответам и поставте лайк

Олеся

Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Перевод на русский даудақ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Vladimirovna
vfif-804828
Nikolaevna1623
Павел_Перелыгин
Адебиеттегы айел тенсыздыгы эссе
kuchino09
expozition
ksv89
ПетровичЖивотовская1245
Antonov-Elena
Vyacheslav_Nikolaevna
Dmitrii1763
magazin7452834
Vladimirovna1370
bchukhraev79
Ямпольский