nash-crimea2019
?>

Қазақстанның қазіргі сәулет өнері эссе (8-9 предложений) (8-9сөйлем)

Казахский язык

Ответы

Valentinovna

Қазақстанның сәулет өнері.

Еліміздің аумағында сәулет өнері орта ғасырлардан бастап дами бастады. Ерте замандағы Қазақстан сәулет өнерінің керемет туындылары ретінде Айша Бибі кесенесі, Көрпеш-Баян сұлу мазары, Домбауыл кешені, Діңгек ғимараттарын айтуға болады.

Кеңес дәуірінде салынған ғимараттар ішінен Алматыдағы Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры ғимараты, «Қазақстан» қонақүйі, Республика сарайы, «Медеу» мұз айдыны секілді өз әсемдігімен көз тартар ғимараттарды айта аламыз. Қалаға келген қонақтардың барлығы жоғарыда аталған ғимараттарға соқпай кетпейді.

Ал еліміз тәуелсіздік алып, елордамызды Алматыдан Астанаға көшіргеннен бері сәулет өнері ерекше қарқынмен дамып келеді. Оған мысал ретінде бас қаламыздың ғана емес, бүкіл Қазақстанның сәулеттік символына айналған "Астана - Бәйтерек" монументі, Ақ орда - президент резиденциясы, “Хан Шатыр” сауда ойын - сауық орталығы, «Нұр - Астана» орталық мешіті, “Бейбітшілік және келісім сарайы”, “Конгресс Холл”, Думан ойын - сауық кешені, К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры бола алады.

Өркениетті еліміздің бас қаласы қарыштап дамып келеді, небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар!

uglichdeti
Етістіктің шақ категориясы- іс- әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін граматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”. Осы шақтың 2 түрі бар: 1)Ауыспалы осы шақ. 2) Нақ осы шақ. Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”).
testovich1012

Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім?

Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім? деген сұраққа жауап берер болсам, ең ұзақ тоқсан болып саналатын үшінші тоқсанның аяқталуын осы жолы тағатсыздана күттім. Себебі, биылғы көктемгі демалысымды әдеттегідей қалада емес, алтын бесік саналатын ауылда өткізетін болдым. Наурыз мейрамын қайнаған тірліктің ортасы ауылда өткізетіндіктен, бұл мейрамды асыға күттім. Сонымен, демалыс басталысымен мен ауылға жол тарттым. Бұл жерде «Наурыз – Думан» атты мерекелік іс –шараға қызу дайындық басталып кетіпті. Ауылдың ортасында киіз үйлер бой көтеріп, олардың іші ұлттық нақышта көркемделіп қойыпты. Тура Наурыз тойланатын күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, орталық алаңға жинала бастады. Ауыл – аймақтың барлығы осында, жастар алтыбақанға мініп, асыр салып ойнап жүр. Апалардың біреулері Наурыз көже өзірлеп, ет асып жатса, басқалары бауырсақ пен шелпек дайындауда. Наурыз - Думан ауыл әкімінің құттықтау сөзімен басталып, ары қарай сахналанған көрініске ұласты. Осы күні ауылда жақын ауылдық жерлерден жиылған шабандоздар арасында аламан бәйге ұйымдастырылып, бас жүлдеге біздің ауыл тұрғыны ие болды. Мерекелік іс  - шаралар бірнеше күн бойы жалғасын тапты. Мен көктемгі демалысымды осылайша қызықты өткізіп, тіпті демалыстың бітіп қалғанын да байқамай қалыппын.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қазақстанның қазіргі сәулет өнері эссе (8-9 предложений) (8-9сөйлем)
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Буянто1346
mariokhab
bulk91675
grachevakaterina
agent-ulitka5
ipKAV85
deputy810
dentinnsmr467
Fedorovich_Aleksandrovich685
kulttrop
ЧумичеваГеннадьевна1827
Егоркина
innesagrosheva22
Romanovna-yana
nkochladze