Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Напишите, , эссе на казахском языке на тему "дос және достық мақсаты". для соча надо. за правильный ответ 85 .
Дос біздің əпке сіңілің болып кеткен адам.Дос ол сенің жан дүниеңді түсінетін адам.Бірақ дос таңдағанда абай болу керек.Себебі достық амал жəне шынайы достық болып екіге бөлінеді.Амал достық дегеніміз бір зат үшін қолданып келесі күні тастап кетеді.Ал шынайы достық ол ешқашан сені сатпайтын,əрдайым жаныңнан табылатын адам.Ал сол досты тапқаннан кейін сен сол досты бағалау керексің.Дос табу оңай ал оны сақтау қиын деген осы.