Пайдалы және зиянды тағамдар.
Уақыт пен заман ағымына қарай, бүгінгі күні қоғамымызда «фастфуд», яғни жылдам даярланатын тағамдар аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Менің ойымша, оның бірден - бір себебі: бүгінгі күні адамдар материалдық құндылықтарды жоғары бағалағаннан кейін және «уақыт - ақша» деген түсінік қоғамда етек жайғаннан бері, сол уақытты үнемдеу мақсатында фастфуд өте үлкен танымалдыққа ие болып отыр деп есептеймін.
Ғалымдардың ойынша, мұндай жылдам даярланатын тағам адам ағзасына кері әсерін тигізіп, тіпті кейбір аурулардың себепшісі де болып жатады. Ең басты зияны – ол асқазанға тигізетін кері әсері. Сонымен қатар, бұл тағамдар әуестік туғызады. Ал үнемі біркелкі тамақтану – ол да зиян.
Денсаулық мамандарының айтуынша, жылдам даярланатын тағам құрамында майлар мен консерванттар өте. Сонымен қатар, бұл тағамдарды дайындау барысында маргарин өте көп қолданылды, ал оның құрамында трансмайлар көп, ол да адам ағзасына зиян келтіреді. Және де фастфуд әзірлеушілер оның құрамына арнайы дәмін күшейтетін арнайы дәмдеуіштер қосып, осының салдарынан адамдарда тәуелділік пайда болады.
Сондықтан, менің кеңесім: мұндай тағамдардан шама келгенше бас тартып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығымызды сақтайық! Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ ассаңыз, болғаны:
1. Тағамға көбіне көкөністерді пайдаланған абзал.
2. Иммунитетті көтеру үшін кебектен, витаминді – минералды кешенмен байытылған ұннан жасалған нан, қырыққабат, сәбіз, аскөк және қызылшаны көбірек пайдаланған жақсы.
3. Сонымен қатар ұйқыға үш – төрт сағат қалғанға дейін тамақтанып алған дұрыс.
4. Дұрыс тамақтану туралы дәрігерлер мен кәсіби диетологтардың кеңесін тыңдаған жөн.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сөздерді пайдаланып, сөйлем құра ғұлама, ізгі, надан, бас пайда, жұртың мүддесі, ауызбірлік
Ұлы ғұлама Әбу Наср әл-Фараби білімінің арқасында "екінші ұстаз" атанған.
Адамгершілік - ізгі қасиет.
Қысқа ғана өмірде надан болмай, өзгелермен жақсы қарым - қатынас орнату керек.
Бүгінгі күні көп адамдар тек өздерінің бас пайдаларын ғана ойлайтын болып барады.
Депутат "халық қалаулысы" деген атқа сай болу үшін жұрттың мүддесін жоғары қойып, жауапкершілігі басым болу керек.
Бүгінгі күні еліміздегі жүзден астам ұлт өкілдері ауызбірлікте өмір сүріп жатыр.