websorokin
?>

Жылқы туралы мақал- мәтңлдер жазып келу​

Казахский язык

Ответы

kirik197308

Жақсы атқа бір қамшы,

Жаман атқа мың қамшы.

Жақсы атын мақтар,

Жаман қатынын мақтар.

girra

Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрған Қазақстан үшін биылғы жыл табыстар мен жетістіктердің, оң өзгерістер мен мерейлі тойлардың жылы болып отыр. Солардың ішінде Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы сынды ауқымы кең, мағынасы терең даталы мерекелердің алатын орны ерекше.

Осындай тарихи кезеңде елімізді әлем таныған өркениетті мемлекеттер қатарына қосып, халқымыздың еңсесін көтеріп, мерейін үстем еткен – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атауды ұсынуы ұлтымызды тағы бір тарихи белеске шығарды. Бұл ұсыныс қазақстандықтармен қоса алыс-жақын шет мемлекеттерде тұратын қандастарымыздың тарапынан да айрықша қолдауға ие болды.

«Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Осы орайда президент мұндай ұғымның көптеген елдерде бар екендігін атап өтіп, жапондар күншығыс еліміз, қытайлықтар аспан асты еліміз, кәрістер таңғы шық еліміз деп санайтындығын мысалға келтірді.

«Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы Дала еліміз» деп айтқан келеді. «Ұлы Дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала –  біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып, оны шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқырған күн бейнеленген», – деді Назарбаев.

Президент Қазақстан атауы бүгінгі күні барша әлем халқына танылған атау болып отырғандығын баса атап өтті.

«Бірақ біз халықтың ішінде ұлы даланың ұрпағымыз десек, келіп тұрған сияқты. Ол халықтық атау болуы керек», – деді елбасы.

Тамырын тереңнен алған бұл ерекше атау егемен еліміздің дүниежүзіне бұдан да артық таныла түсуіне, мемлекеттік, ұлттық имиджіміздің көтерілуіне орасан ықпал етпек.

Дүниежүзінде бейресми атауға ие бірқатар мемлекеттер бар. Мысалы, әлем халықтары Англияны – «Тұманды Альбион», Кубаны – «Бостандық аралы», Жапонияны – «Күншығыс елі», Қытайды – «Аспанасты елі», Голландияны – «Қызғалдақтар елі», Кореяны – «Таңғы шық елі» деп біледі. Елбасы өзі атап өткендей біздің елімізге осындай атаулы бренд жетіспейді. Осы идеяны көтерген Мемлекет басшысы: «Біз – Ұлы Даланың баласымыз. Ұлы Дала, көк аспан… Біздің бабалырымыз тәңір деп, жарық пен көк түсінігін ұмытпаған. Біздің Көк туымыздың астары да осында. Біз – Ұлы Даланың балаларымыз. Міне, осы тарихымыз бен жаңа брендті байланыстыра отырып, біз Қазақстанды жаңа Қазақстан ретінде танытуымыз керек», деген келелі ойды ортаға тастады. Осы орайда, Мемлекет басшысы ата-бабаларымыздан аманат-мұра болып қалған, Алтай мен Атырауды, Арқа мен Жетісудың арасында кең көсіліп жатқан ұлан-ғайыр мемлекетіміздің «Ұлы Дала елі» атануына ерекше мазмұн, биік мағына беріп отыр.

Көне тарихи жазбаларға көз жүгіртсек, «Ұлы Дала» ұғымының ежелден бері келе жатқанын аңғарамыз. Бұл атау ғасырлар қойнауынан аршып алынып, бүгінгі күнге дейін жеткен жыр, қисса, дастандарда, түркітілдес халықтар туралы деректерде, орыс әдебиеттерінде, Қытай жазбаларында және Лев Гумилев сынды көрнекті тарихшы-ғалымдардың еңбектерінде көп кездеседі. Демек, Қазақстанның «Ұлы Дала елі» деген бейресми, қосымша атауға ие болуында тарихи негіз бар. Бұл атау еліміздің географиялық ерекшелігіне сипаттама ғана емес, бұл халқымыздың кеңпейіл дархандығының, мемлекеттік күш-қуатының, айрықша мәртебесі мен Тәуелсіздігінің айнымас символикалық бір нышаны ретінде қабылдануға тиіс. Сондықтан, ендігі кезекте, осы ерекше атауды өз санамызға сіңіріп қана қоймай, оны дүниежүзі халықтары алдында барынша насихаттап,

Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің ертеңі – бір халық, бір ел, бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын ерекше атап өткен

Тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз ғұмырлы болсын!

cmenick29

Егіншілік – 1) ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2 – 1 мыңжылдықтар), сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы 9 – 2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік – диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. 20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4,1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 96,5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. Шығанақ Берсиев басқарған звено тарының әр гектарынан (тәжірибелік телімде) 125 ц өнім алды. Ыбырай Жақаевтың звеносында күріш өнімділігі бір гектарынан 174 ц-ге жетті. Ольга Гонаженко звеносы қызылшаның бір гектарынан 1515 ц-ден өнім алды. 1954 ж. тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды. Алғашқы бес – алты жыл ішінде-ақ республика бойынша 25 млн. гектар тың жер игерілді. Оның 17 млн. гектары еліміздің солтүстігінде (Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар) орналасқан. Егіншіліктің экстенсивті және интенсивті түрлері бар. Экстенсивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша қаражат көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы, көбінесе, топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты егіншілік экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек, қаржы (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру, т.б.) жұмсап, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырады. Қазақстанда егіншіліктің құрғақ, суармалы, тәлімі және таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғақ егіншілік жауыны аз, желді, құрғақ далалы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде құрғақшылыққа төзімді дақылдар өсіріліп, топырақта ылғал сақтаудың агротехникалық шаралар жүйесі (қар тоқтату, топырақты аудармай жырту, егісті қысқа мерзімде себу, т.б.) қолданылады. Суармалы егіншілікте, көбінесе, мақта, қант қызылшасы, дәнді дақылдар, көп жылдық жемшөптер, күріш өсіріледі. Тәлімі егіншілікте астық, жемдік дақылдар өсіріліп, құрғақ егіншілікке тән агротехникалық шаралар қолданылады. Таудағы егіншілік тау баурайын, тау аралығындағы ойпаң жерлерді қамтиды. Мұндағы агротехникалық шаралар топырақты су эрозиясынан қорғау мақсатында жүргізіледі; 2) ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсірудің және топырақ құнарлылығын жоғарылатудың жалпы тәсілдерін зерттейтін агрономия ғылымының саласы. Егіншілік ғылым ретінде топырақ құнарлығын арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің өзара әсерін, топыраққа механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып жоғары әрі тұрақты өнім алу, егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз жағдайлардан (құрғақшылық, аңызақ, үсік) қорғау мәселелерін зерттейді. Егіншілік агрономияның басқа салаларымен (агрохимия, агрофизика, селекция, т.б.) тығыз байланыс

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Жылқы туралы мақал- мәтңлдер жазып келу​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Дмитрий74
Хромов1501
kosstroy
VadimovnaIgor
schumacher8
Иванович621
zhannasokortova
gurman171
Janaz842060
jagerlayf
aivanova
nastyakrokhina87
Aleksei368
AlekseiBunina1895
APerova3464