Қазақстанда 48 мыңнан астам көл бар, оның жалпы көлемі 45 мың шаршы км. Олардың ішінде өте үлкендері - Каспий және Арал теңіздері. Кез-келген картадан Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерін және Ертіс, Тобыл, Есіл, Сырдария, Іле өзендерін табуға болады. Қазақстан көлдерінің жартысынан көбі оның солтүстігінде, әсіресе орманды дала аймақтарында орналасқан. Мұндағы қамысты-қоғалы және басқа да су маңы өсімдіктерінің ну тоғайлары, тұщы сулы көлдер әртүрлі жануарлар үшін пана, әрі қорек. Мыңдағы үйрек, қаз, аққу, құтан, шағала мен батпақты құс осы көлдерде ұялайды да, көктем мен күзде жыл құстарының алып қоныс аударуы байқалады. Олар Сібр тундраларынан Оңтүстік Азияға қыстауға ұшып кетеді және керісінше. Солтүстік Қазақстандағы көлдердің маңызы өие зор, мұнда Батыс Сібірден жаз соңында ұшып келген, үйрек, қаз, тырна және басқа да су және су маңы құстарының түлеуі жүреді. Шөл мен шөлейтті жерлерде - жағалары ашық, балшықты және құмды қайраңдардан, тұзды топырақтан тұратын тұзды көлдер көп. Бірақ мұнда тұщы суаттарды қалың қамыс бекінеістері алып жатыр, мысалы, Балқаш маңы ну қамысында жарты ғасыр бұрын тіпті жолбарыс мекендеген. Шөл суаттарында оңтүстікке тән қанаттылар - бірқазан, суқұзғын, жалбағай, қарабайлар, құтандар (көкқұтан, жирен, сары, үлкен-ақ, кіші құтан), сонымен қатар, бұларға туыс бақылдақ құтан, әупілдек; шағала, көк шағала, үлкен қарқылдақ, қаратұмсық қарқылдақ және тағы басқалар мекендейді. Шөл көлдеріне құятын өзен алқаптарында ағаш-бұталы өсімдіктер жақсы жетілген, бұлар көптеген жануарларға пана. Шөл өзендерінің атырауы жануарлар әлеміне өте бай, Қазақстанда бұрын Сырдария атырауы, қазір ірі Іле өзені атырауының маңызы зор.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндір. мәтінмен байланысты тұстарына тоқтар 1)жер тоймай, ел ел тоймайды 2)екпей - егін шықпас, үйренбей- білім жұқпас 3) егін ырыс таң, еңбек таңдайды побыстрей
1) Егер де біз жерге тірі зат ретінде қарап, оны күтіп, бағып, сулап жүрсек ол бізге жемісін береді.
2) Бірнәрсені екпесен ол зат ешкашанда шықпайды, сондықтан бір затты үйренбесек біз ешқашан білімді болмаймыз.
3) Егінді қандай зат құйып бақсанда, оны істеп жатқан адамның ісі дұрыс болмаса ол ешқашан жемісін бермейды. Сондықтан ол қандай затпен күткенге байланысты емес, оны қандай адам қандай еңбекпен күткеніне байланысты.