Ең алғаш ғарышқа ұшқан «Лайка» атты ит туралы естіп, білдік. Ол ақылды ит болған екен. Сосын ғарыш жайлы бейнеролик көрдік, сөзжұмбақ, жұмбақ шешіп, өлеңдер оқыдық, постер арқылы түсінгендерімізді айттық. Ғарышкер болу оңай емес екен. Біліміңмен қатар денсаулық та мықты болу керек. Денені шынықтырып, дұрыс тамақтанып, жаман әдеттерден аулақ болу керек. Біз бәріміз де ғарышкер болғымыз келді. Жақсы оқып, тәрбиелі болсақ, ізденсек, денсаулығымыз мықты болып, спортпен айналыссақ, ғарышқа ұшуға жол ашық екен. Сөйтіп, бәріміз де есейгенде ғарышкер боламыз деп шештік!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составить диалог на тему 1. өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
ответ:
өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,- деп неге айтылған?
өз тіліңді, яғни ана тіліңді өзің құрметтемесең, оны өзге жұрт қалай құрметтейді, өз тіліңді құрметтегенің сенің өзіңді, отбасыңды, отаныңды құрметтегенің.
мен сонда өз тіліме қандай құрмет көрсетуім керек?
өз тіліңде өзге тілді қоспай таза сөйлеуің қажет.
мен өз тілімді жақсы көргенмен жақсы сөйлей алмаймын, енді не істеуім керек?
әлі де кеш емес, үйрен, өз тіліңді білмей жүріп, үшінші тілді қалай үйренбексің?
мен сенен өтінемін маған тілімізді жақсылап үйренуге көмектес.
сенен көмегімді аямаймын.
ал, өзге тілдің бәрін біл,- деген не?
ол сен қанша тіл білсең де көптік жасамайды, - деген сөз.