zloshop9
?>

Царь саков» а. дузелханов1. сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардыжоғары болды. одақты сақ кесемдерінің кеңесі сайлаған патшалар билелі татайпа мүшелері сайлады. сақ қоғамы үшке бөлінді: әскерлер, абыздар, ру мүшелері (е-малшылар. коленершілер және т. патша мен әскер көсемдерін тек қана есептекана эскер тобынансайлады. ң бұл кезеңін «әскери демократия» деп атайды. сан нар, саң, жауынгерқару-жарағы мен сауыт-сайманы түгел болған. еуропада мұндай қарулар орта ғасырдапайда болды.2. геродот: «біз білетін халықтардың барлығынан да скиф халқы данышпан, валеріразылық етпесе, олардың еліне басып кірген ешбір жау сақтарды жаулап ала алмайдыолардан қашып та құтыла алмайды. өйткені скифтердің қаласы, қамалы жоң, баспанасынөздерімен ала жүреді, барлығы аттылы, садақ атқыштар; олар жеңімпаз. ешкім жеңе алуболмағанда қайтеді! скифтер өздерін де, аттарын да сауытпен қорғаған», – деп жазған переведите переведите ! ​

Казахский язык

Ответы

jenko87

Күлтегін Құтлық (Елтеріс) қағанның екінші ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған інісі. Шешесі Елбілге қатұн. Жеті жасында әкесі Құтлық (680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның інісі Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегін мен Білге, Қапағанның інісі Бөгүні (716ж.) тақтан тайдырып, қағандық билікті Білге қолына (716-734жж.) алады.

Тарихи деректерге қарағанда, Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысы – 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде-біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін аңғартады.

Батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанда, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, рухына тағзым етіпті. Басына ел тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратының төрінде тұр.

І

Объяснение:

Күлтегін жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және а ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында а жаралған). Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады.

«Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі.

Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

Күлтегін жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

Nadezhda Malakhov53
Сәлем досым .Қалын қалай? Үй іші аман ба? Біздің елімізде көрікті жерлер көп .Мысалы Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы және бас қаласы. Дәл осы жерде ең маңызды саяси және экономикалық оқиғалар өтеді. Мұнда ҚР Президентінің резиденциясы – Ақорда, елдің ең басты монументі – Бәйтерек, сондай-ақ танымал «Атамекен» этно-мемориалдық кешені бар. Ашық аспан астында орналасқан кешендегі шағын макеттер сізге қалада серуендеп жүргендей күй кештіреді.  Ал 2017 жылы Астанада EXPO-2017 халық көрмесі өтеді. Бүгінгі Астана – Қазақстанның мақтанышы.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Царь саков» а. дузелханов1. сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардыжоғары болды. одақты сақ кесемдерінің кеңесі сайлаған патшалар билелі татайпа мүшелері сайлады. сақ қоғамы үшке бөлінді: әскерлер, абыздар, ру мүшелері (е-малшылар. коленершілер және т. патша мен әскер көсемдерін тек қана есептекана эскер тобынансайлады. ң бұл кезеңін «әскери демократия» деп атайды. сан нар, саң, жауынгерқару-жарағы мен сауыт-сайманы түгел болған. еуропада мұндай қарулар орта ғасырдапайда болды.2. геродот: «біз білетін халықтардың барлығынан да скиф халқы данышпан, валеріразылық етпесе, олардың еліне басып кірген ешбір жау сақтарды жаулап ала алмайдыолардан қашып та құтыла алмайды. өйткені скифтердің қаласы, қамалы жоң, баспанасынөздерімен ала жүреді, барлығы аттылы, садақ атқыштар; олар жеңімпаз. ешкім жеңе алуболмағанда қайтеді! скифтер өздерін де, аттарын да сауытпен қорғаған», – деп жазған переведите переведите ! ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

akbmaslafarkop3175
ZharikovZalina
Мария Кашихина
v89167233402
Kondratev Ruzavina22
chavagorin
Есартия52
Bogdanov
monenko
ghjcnjtyjn64
yurick2071488
rn3ay8
Adno1578
antrotip
Fomin Korablev1781