Қыпшақ Сейітқұл Маманұлы (18 ғасырдың 70-жылдары, Сыр бойы — 19 ғасырдың 30-жылдары, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарабидайық мекені) — есімі аңызға айналған егінші. Орта жүздегі бес таңбалы қыпшақтың торы бірлестігінен тарайтын жеті арыс қитаба руынан шыққан. Сыр бойындағы иеліктері егін шаруашылығына тарлық ете бастаған соң Торғай өңіріне келіп, Қабырға өзені бойындағы Қарақоға деген жерге тұрақтаған. Өзен жағалауына шығыр орнатып, аяқ егін, атпа егін әдістерін пайдаланып, өзеннен арықтар тартып, бөгендер салып, суармалы егіншілікті қолға алған. Диқанның бұл еңбегі жемісті болып, 5 — 6 жылдың ішінде алғаш келіп қоныстанған 12 үй 400-ге жеткен. Қыпшақ Сейітқұлдың аса шығымды ақ тарысының тұқымы кейін бүкіл Торғай, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қарқаралы өңірлеріне тарады. Диқанның барымташылардан сақтану үшін тұрғызған дуалы мен су тартқан арықтарының қалдықтары Көкалаат, Қызылоба, Қарақоға деген алқаптарда әлі күнге дейін сақталған. Қыпшақ Сейітқұл асқан шебер, сөзге шешен адам болған. Мұраптың егіншілік дәстүрін халық арасына кең таратып, насихаттау үшін ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин “Қыпшақ Сейітқұл” деген әңгіме жазып, оқулығына енгізген.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Рмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстыратын амал-тәсілдерді атап, мысал келтірответ жақсы болса 20 берем) надо.
Қазіргі заманда кедей адамдар көп те аз да.Біз де дәл солар сияқты болмауымыз үшін білім алуымыз керек.Әр қашанда білім сені қиындықтардын құтқарады.Еңбек етіп, мақсат қойып сол мақсаттарыңа жете білуің керек.Біз еліміздің патриотымыз.Біздер елімізді ашаршылықтан,кедейліктен сақтауымыз керек.Біз өзіміз білімді болсақ,жаман әдеттерден бас тартсақ,біздің кейінгі ұрпақтарымыз оданда тәтті,кең өмірде ашаршылықсыз,кедейліксіз өмір сүреді.
Объяснение:
Өз ойымды жаздым.Көмектесе алдым деп ойлаймын.Бағалап кетің