Николаевич
?>

Напишите эссе на тему двух пословиц: • "бір тал кессең он тал ек" • "бірақ көрсең көзін аш"и использовать времена: •《ауспалы осы шақ》•《өткен шақ》 (6 предложений)​

Казахский язык

Ответы

kirik197308

Бір тал кессең он тал ек

Ежелден «Бір тал кессең, он тал ек» деген қағиданы мықтап ұстанған халқымыз үшін ағаш отырғызу – өте сауап іс. Өйткені, адамға теңдессіз қызмет ететін ағаштың маңызы өте зор. Себебі, адам ауасыз өмір сүре алмайды. Ал сол ауаны жасап-тазалайтын, ауадағы зиянды газдарды, шаң-тозаңды өзіне тартып, орнына оттегі бөліп шығаратын ағаш екені анық. Демек, ағаштың тіршілікке берер пай­дасы мол. Сондықтан, бар тіршілігі ашық табиғатта өткен халқымыз табиғатты «Ана» деп қастерлеп, бұл қасиет оған ананың ақ сүтімен сіңісіп кеткен.

Жалпы, 2011 жылғы мәлімет бойынша, еліміздің флорасы өсімдіктердің 6000-нан астам түрін қамтиды. Соның ішінде Қазақстан орман қорының жалпы ауданы 28,7 млн. га. құрайды немесе рес­публика аумағының 10,5 пайызын алады. Бұл ретте орманды жерлер 12,3 млн. гектарды немесе орман қорының 43 пайызын құрайды. Сосын еліміздің 6,1 млн. га. жерін сексеуіл алқаптары алып жатыр. Олардың негізгі кең тараған ауданы Алматы және Жамбыл облыстары саналады. Сондай-ақ, сек­сеуілдер Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қара­ғанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау өңірінде де өседі.

Бұлақ көрсең көзін аш

Әрбір адамның бойында қандайда  бір қабілет немесе дарындылығы ,не болмаса икемділігі болады . Бірақ барлығы бірдей оны байқай білмейді. Қандайда бір іске бейім жандар өз болашағын ,яғни мамандығын соған байланысты ұштастырып жатады.Бірақ өзі неге икемі келетінін өзі де білмейтін жағдайлар өте көп. Оны көбнесе жан-жағындағы туыстары ,дос-жарандары байқайды ,немесе ұстаздары . Әрбір адам өзінің досының ән айтуға ,билеуге не болмаса ұсталыққа  қабілеттілігін байқаса оны әрі қарай ынталандырып ,оған қолдау көрсетуі керек .Бұлақ көрсең көзін аш деп халқымыз бекер айтпаған ,біреудің жұлдызын жағуға көмек беру  ол әрбір адамның міндеті .

Natalya1895

Сұрапыл соғыс қаншама отбасын отағасынан, баласынан айырды десеңізші. Қаншама қазақтың ержүрек қыз-жігіттері майданға аттанып, өзінен кейінгі ұрпақтың бейбіт өмірі үшін жанын қиды.Кезінде сол ерлердің – Отан үшін от кешкендердің қатарында болған Әбу Сәрсенбаевтың:

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де

ұстап жүрген жоқ

Қолтықтағы ұзын таяғын,– деп келетін өлеңін жаттап өскен ұрпақтың өзі бүгінгі күндері сол құрметке лайық жасқа келді. Ақын айтқан қасиетті сөздің қадіріне жетіп жүрміз бе? Соғыс және еңбек ардагерлеріне деген құрметіміз өз деңгейінде болып отыр ма? Осы сауалдар біздің қай-қайсымызды да ойландыруы тиіс. Бүгінгі тәуелсіздігіміз баянды, егемен елде бейбіт өмір сүріп жатқанымыздың өзі сол сұрапыл майдан кешкен ардагерлеріміздің ерлігінің арқасы. Олар біз үшін де, кейінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге, мақтаныш. Айтпағымыз, ардагерлерімізді, Отан үшін жанын берген ерлерімізді жылына бір рет, 9-мамырда ғана еске алмауымыз қажет. Басқасына тоқталмай-ақ қояйық, тіпті ауыл-ауыл­да, көше-көшеде ардагерлердің үйлеріне арнайы тақта орнатып, аты-жөндерін жазып, елеп-ескеріп отырсақ, мұның өзі ардагерлер алдындағы мың сан парыздың бірінің өтелгені болар еді. Майдангерлердің ерлігін ұмытпай, келер ұрпаққа дәріптеуде, еліміздің кешегі жән бүгінгі қаһармандарын мақтаныш етуде, олардың ерлігіне тағзым жасауда патриоттық тәрбиенің рөлі зор. «Ұлтын сүю – ұлтшылдық емес, ұлтжандылық» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, қай заманда болмасын Отанға, туған жеріңе деген ыстық сезім өз ұлтыңды құрмет тұтып, туған тарихтан, ана тілден ажырамаудан бастау алады!

zdanovich90764

Батыр туса - ел ырысы " (эссе)

Біздің отанымыз Қазақстан .Қазақстаның тәуелсіздік алғанына 29 жылдай болды .Біздің тәуелсіздік алғанымыз тек батыр аталарымыз бен апаларымыздың арқасы.Олар тәуелсіздікке қол жеткізу үшін көптеген ерлік жасаған.Мысалы айтатын болсам ұлы отан соғысына Бауыржандай атамыз ,Мерген қыздар Әлия,Мәншүк апамыз және тағы басқа апа аталарымыз тәуелсіздік алу үшін отаның қорғау үшін соғысққа аттанды .Міне осы ата апаларымыздың арқасында 16 желтоқсан күні жеңіс келді .содан бері біз тәуелсіздік алдық .бізде 16 желтоқсан күні жеңіс күні болып саналады.бізге тәуелсіздік әкелгені үшін соғыс ардагерлеріне мың алғыс айтамын . Мен Жеңіс күнімен соғыс ардагерлерін және қазақстан азаматтарын шын жүректен құттықтаймын. Осы болама ойыма келгенше жаздым

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Напишите эссе на тему двух пословиц: • "бір тал кессең он тал ек" • "бірақ көрсең көзін аш"и использовать времена: •《ауспалы осы шақ》•《өткен шақ》 (6 предложений)​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Nzharenikova
ea-office
kristal1
Артур1807
Faed_Arakcheeva
tigran87-87
dashakhmeleva6
irschacha
Сергеевич1726
manu95957
Олег1105
alanatan5757
Natalya1070
sbn07373
VolkovaMaslova