Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Найти в тексте негізгі ақпарат, қосымша ақпарат, факт, көзқарас и идея. болашақтағы климат. климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар. қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005 жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0, 31 с градусқа жоғарылап отырған. соңғы 50 жылда іле алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. үкіметаралық сарапшылар тобының (көүст) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, xxi ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін. бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт континенталды қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. бүгінгі күннің өзінде еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. алапат ыстық, құрғақшылық. тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға жылжиды. су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» бұұжж жобасы мамандарының пайымдауынша табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді. бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]
Қысқаша шолу
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.[4]