Равиль_Евгеньевич1808
?>

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

Казахский язык

Ответы

Viktoromto

Морфология

Сөз құрамы

Түбір

Жұрнақ

Жалғау

Көптік жалғау

Тәуелдік жалғау

Септік жалғау

Жіктік жалғау

Сөз таптары

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Етістік

Үстеу

Шылау

Еліктеу сөз

Одағай

Синтаксис

Сөз тіркесі

Сөйлем мүшелері

Бастауыш

Баяндауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

Толықтауыш

Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі.

Синтаксистік байланыс — сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер негізінен бір-біріне бағынынқылық және тен дәрежеде қатынас жасау арқылы Синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан:

Синтетикалық байланыс — сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады.

Аналитикалық байланыс — сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады.

Синтаксистік емес категориялар — жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғни сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныштылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар. Бұған, мысалы, сын есім шырайларын, етістіктің етіс түрлерін, зат есімдердің көпше түрін жаткызуға болады. Синтаксистік категорияларға қарама-қарсы құбылыс.

Синтаксистік категориялар — сөйлемдегі бір сөздің не форманың баска сөзге не формаға бағыныштылығын білдіретін лингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімнің септік жалғаулары, синтаксистік Жақ категориясы, байланыс түрлері т.б. Синтаксистік емес категорияларға қарама-қарсы құбылыс.

Синтаксистік қатынастар — синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері, сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалық, грамматикалық қасиеттеріне негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлері предикативтік, атрибутив/атрибутивтік, объектілік, пысықтауыштық т. б. қатынастарға байланысты.

Синтаксистік құрылым — белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі. Мысалы: сөзтіркесінің Синтаксистік құрылымы есімді немесе етістік тіркестерден әр түрлі жолдармен жасалса, жай сөйлемнің Синтаксистік құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардан жасалып, предикаттық, айқындауыштық немесе жақты, жақсыз, қыстырынды т. б. құрылымдарда көрінеді.

Синтаксистік мағына — синтаксистік категориялар мен құралдардын ішкі мазмұны. Сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысынан, қарым-қатынасынан туады. Мысалы: предикаттық (баяндауыштық) мағына, бастауыштық (тәуелсіз заттық) мағына, толықтауыштық (тәуелді заттық) мағына, аныктауыштық (заттың тәуелді белгісі) мағына, пысыктауыштық (белгінің белгісі) мағына т. б. түрде көрінеді.

Синтаксистік талдау — сөйлемді түрлеріне, сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне қарай талдау

Coffee3862

Сол күні кешке Жамбыл (Жабаев) қарттың үйіне бардық. Жамбылдың үйіне кіріп, бір бөлмесінде жантайып жатқан жұдырықтай ақсақалға сəлем бердік... Жамбыл менің бетіме сығырая қарады. Оның сынап отырғанын байқап, мен де қабағымды түйіп, оған ежірейе қалдым. Содан соң Жамбыл Сəбитке (Мұқанов) қарай мойнын бұрды да:

- Мына қызыңды... түсі тым суық екен, батыр болса болар! - деді.

Сəбит оған қарық болып күліп жатыр. Менде үн жоқ. Жамбыл күлместен маған қайта қарады.

- Батыр болсаң сен Өтеген мен Сұраншыдан күштімісің, соны айтшы, - деді. Мен ойланбастан жауап бердім.

- Өтеген қаптап келе жатқан өрт сияқты да, Сұраншы сарқырап аққан су сияқты батыр болатын. Дүниеде от пен судан күшті жоқ. Мен ол екеуінің ешқайсысына да пар келе алмаймын. Мен - оттың ұшқыны, судың тамшысы ғанамын, Жəке, - дедім.

Жәкеңнің өлеңінде өзі айтатын «борға малған» сақалы шошаң-шошаң етіп қалды. Ол атамыздың күлгені екен. Енді көзі шырадай жайнап, жылы ұшқын шашып, тағы да Сәбитке қарады.

- Әй, Балуан, мынауыңның түрінде ғана емес, тілінде де бірдеңе бар екен, қоныңдар, - деді. Жәкең Сәбитті мол денесіне байланысты ылғи осылай, Балуан Шолақ деп атайды екен. Жамбыл «Балуан Шолақ!» десе, Сәбит: «Ау, тәте»деп жауап береді.

Біз жайғаса бастадық. Сырт киімдерімізді шешініп жатқанымызда шалдың сақалы, су бетіне секірген ақ қайрандай* болып, бір жарқ ете қалған еді. Енді жайланып отыра бергенімізде ай мүйізді ақ қошқардың үстіне салт мінген біреу, шабуылға шығатын кавалеристей екпіндетіп келіп, табалдырық алдына тоқтай қалды да:

- Әумин, - деп алақанын жайды. Малдас құрып отырған Жөкең мойнын бұрды да: - Әй, Балуан Шолақ, өзің жасаушы ма едің, әлде батырың беруші ме еді батаны? - деді. - Ойбай, тәте, өзіңіз жасаңыз, - деді Сәбит.

Жамбыл алақанын жайды да:

- Батырдың жолы болсын! Самсаған қолы болсын! Түсі де суық екен, Ісі де долы болсын, Аллаәкпар! - деп бетін сипады...

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

madina27821667
Korneeva1856
alekseydovganich6
antongenfon
alexeylipatov
mrFuz
zotti
Artak96993298
galustyanvitaly4842
grachevakaterina
aggeeva
sv-opt0076
mariashapar
len22
Суховодова599