Кірпілер, басқа да көптеген жануарлар сияқты, қыста ұйқыға кетеді. Үйшіктерін аюлар сияқты әрине жасамайды, дегенмен, орманда ескі жапырақтардың астынан оңай көруге болады, үлкен алаңдар да, тіпті саяжайларда. Қыстағанда кірпілер жанұяларымен қыстайды, бірақ кейде жалғыз жатқандары да кездеседі, бұлар жас " бойдақтары". Егер кірпілер үйшігін көрсеңдер ешқашан бұзбаңдар, сендердің саяжайларыңның айналасында ешқашан тышқанмен жыландар болмайды. Және де зиянкес жәндіктер де, бұзаубас, қоңыз тағы басқа бақша зиянкестері.
Аю қысқа дайындалады, май жеп. Ол тапқанының барлығын жейді, ерекше балықты, жаңғақты, бірақ ол бұны ұйқыға кетерден бірнеше апта бұрын жасайды. Дәл ұйықтар алдында аю аз жейді: тамырлар мен сабақтарды ғана, асқазаны бос болып, қатты бекітілсін деп, аңдар асқа тәбеті азайып, тыныш демалу үшін. Ұйықтауға жатып, аю бақылаудағы тәртіпте қалады, ол терең ұйқыға кетпейді, тек қалғиды, қауіпті жағдайда жауын қарсы алу үшін. Кейде ол тұрағынан шығуы мүмкін, жағдайды тексеруге. Егер үйшігі қыстауға жарамаса- су тиіп, онда жануар қыс ортасында жаңа үй іздейді, ондай кезде ол өте қауіпті, бұндай уақытта оны тентек аю дейді. Қыста жануардың қызуы төмендейді, оның күзде жинаған майы тоңбауына көмектеседі.
Абай Құнанбаевтың "Күз" өлеңінен үзінді
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол — бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы.
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы