4) 2012 ж Лондон олимпиадасынан Серік Сәпиев 1 орын иеленуі
Хрулёва
27.11.2021
Отбасының мәні қай халықта болмасын бір. Бірақ қазақ отбасысы өзгеше. Мұндағы айтылатын әкеден балаға берілетін тәрбиесі өзгеше. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Қызды жастайынан жақсы келін, әйел,жар болуын тілеп үйретсе, ер баланы жақсы азамат болуына үлкен мән береді. Сондықтан да әр қақаз отбасысынан керемет азамат пен азаматшалар шығады.
Федор_Рауф1592
27.11.2021
А тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Негізгі мәселе, жаратылыстан бар осы қабілеттерді дұрыс ұштап, тәрбиелей білуде. Мәселен, әр адамның бойында өзін-өзі басқару қабілеті бар, осы қабілетін шыңдай білген адам барша тіршілік иелерінен басып озып, тіпті періштелерді де артта қалдырады. Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады. Адам бойындағы жаман қасиеттердің бірі – бірбеткейлік. Өзгенің дегеніне көне қоймайтын бірбеткей мінезден туатын көптеген ерегестердің арты үлкен ұрыс-төбелес, дау-дамайға, тіпті адам өліміне дейін апаратынын көз көріп, құлақ естіп жүрген жайт. Алайда бірбеткейлікті ақиқаттан бет бұрмауға тәрбиелей білген адам туралықтан таймайды.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
ЖАЗЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ6 тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құр. Тірек сөздерді теріп жаз.Жоспарың бойынша мәтінді баянда.
жоспар
1) Бекзат Саттархановты әкелуі
2) 2004 ж Грекияда жеңімпаз атануы
3) Коп медальдарга иеленуі
4) 2012 ж Лондон олимпиадасынан Серік Сәпиев 1 орын иеленуі