oksana77768
?>

По данному тексту выполнить 3 задания Өтініш. Қоштасу. Кешірім сұрау «Әдепті дегенше, әдемі десейші» деген мәтел қазақ халқының әдеп сақтау тәлім-тәрбиесінің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан ерекше қасиетті тәлімдік дәстүріне айтылған. Ұлтымыздың үлкеннің кіші алдындағы, кішінің үлкен алдындағы, еркектің әйел алдындағы, әйелдің еркек алдындағы сыпайылық көрсетудің тамаша үлгілері өте көп. Осындай тәлімділік дәстүрдің бірі өтіну, кешірім сұрау, қоштасу. Мысалы, өтініш білдіру сөздері: өтінемін айтып жіберші (-іңізші), қайталашы (-ыңызшы), түсіндірші (-іңізші), берші (беріңізші), әперіп жіберші (жіберіңізші), көрсетші (көрсетіңізші), алып келші (келіңізші), мені күте тұршы (тұрыңызшы), тоқташы (-ңызшы), кіре бер (беріңіз), есікті (терезені) ашшы (ашыңызшы), есікті (терезені) жапшы (жабыңызшы), рұқсат етіңізші, Сізден сұрауға болама екен ? мархабат етіңіз, өтінемін сөзімді бөлмеңізші, сәл тоқтауыңызды өтінемін. т.б. Қоштасу сөздері: Қайта көріскенше! Қайта кездескенше! Кешке дейін сау болып тұрыңыз! Әзірге сау бол (болыңыз)! Жолың (жолыңыз) болсын! Қош бол (-ыңыз), Жақсы демал (-ыңыз)! Хат жазып тұр (-ыңыз)! Аман барып, сау қайтыңыз! Қуанышта кездесейік! Қош-сау болыңыз! Аман-есен болыңыз! Кездескенше күн жақсы! Қуанышта кездесейік! Жолыңыз болсын! Сапарыңыз оң болсын! Кешірім сұрау сөзері: Кешіріңіз! Айыпқа бұйырмаңыз, ренжімеңізші, артық айтсам кешірім өтінемін, ашулана көрмеңізші, көңіліңізге алмаңыз, айтқаныңды орындайын, айтқаныңды екі етпейін, аяғыңа жығылайын, бір ашуыңды берші, тілеуіңді тілейін, оқасы жоқ, ештеңе етпес, қайтер дейсің т.б. Қазақ халқында өтініш білдіру, қоштасу, кешірім сұрау т.б әдептілік сөздері а ң жас ерекшелігіне қарамастан тәртіп, тәрбие жолына үздіксіз әрі үзіліссіз қызмет етіп келеді. 1. Мәтінде берілген өтініш білдіру, кешірім сұрау, қоштасу сөздеріне үш-үштен сөйлем құрыңыз. 2. Берілген тұрақты сөз тіркестері қандай жағдайларға байланысты айтылады /фразеологиялық сөздік бойынша жұмыс жүргізіңіз/. Аяғына жығылды, жүрегі езілді, көңілі босады, қиылып сұрады, ағынан жарылды, қыдыр жолдасың болсын. 3. Қазақ халқының әдеп әліппесіне жататын қандай сөздерді білесіз ? Үлгі: Бір адам көп адамға сәлем беруі керек, орынсыз жерде күлмейді, жасы үлкен кісілердің алдын кесіп өтпейді, т.б.

Казахский язык

Ответы

Iiexota280274

1.Өтініш

Мені күте тұршы, қазір шығамын. Тоқташы, мен үйді кілттеуді ұмытып кетіппін.Терезені ашшы, таза ауа кірсін.

Қоштасу.

Елге аман-сау жетіңіз, кездескенше күн жақсы болсын! Балам, аман барып, сау қайт, жолың болсын! Барғаннан соң міндетті түрде хат жазып тұр.

Кешірім.

Анашым, артық айтсам кешірім өтінемін, қателесіппін енді қайталамаймын. Ашулана көрмеңізші, өтінемін, барлық айтқаныңды екі етпей орындайтын боламын. Оқасы жоқ, қателігіңді түсінсең болды.

2. Аяғына жығылды, өз кінәсін түсініп, кешірім сұрау. Жүрегі езілді, яғни қатты жаны ашығанда болады. . Көңілі босады-аянышты халін түсінгеннен, аяғаннан, жаны ашығандықтан көңілі босайды. . Ол өзіне қатты ұнағандықтан қиылып сұрайды. Ағынан жарылды, барлық шындықты айтты. Қыдыр жолдасың болсын- жол жүріп бара жатқанда, бір ірі іс бастарда айтылатын батадағы сөз.

3. Қыз балаға қырық үйден тыю. Үлкен тұрып, кіші сөйлемейді.

Объяснение:

mileva84

Астында

Объяснение:

Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге.

Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, а үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. А Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

ignashkinamasha

Таза ауа

Таза ауа - шынығудың ең кең тараған және жеңіл түрі. Бұл жағдайда жыл маусымының ерекшелігі ескерілуі тиіс:

жылдың жылы кезеңінде шынығу үшін ұзақ уақыт таза ауада серуендейді; ауа температурасы 16°С-тан төмен болмаса, үйдің терезесін ашып қойып ұйықтауға болады;

жылдың суық кезеңінде шынығу үшін белгілі бір уақыт жаяу серуендеу, шаңғы тебу, жеңіл киініп, шынығу жүгірісі деп аталатын "баяу", "жүгіру", коньки тебу т.б. пайдаланылады. Далада организмді мұздатып алмау үшін тез қимылдап, жаттығуды ұзаққа созбайды.

Жалаңаяқ жүру. Үйдің ішінде біраз уақыт жалаңаяқ жүру де пайдалы. Бұның ұзақтығын 1минуттан бастап, әрбір 5-7 күн сайын 1 минутқа ұзартып отырып, 10-15 минутқа жеткізеді.

Су процедурасы

Су ауаға қарағанда жақсы шынықтырады. Судың жылу өткізгіштік қасиеті ауаның жылу өткізгіштігінен 23 есе артық. Су теріс температуралық әсер етумен бірге механикалық әсер етіп - массаж жасайды. Капиллярлық қан айналысын жақсартады. Су көмегімен үй жағдайында шынығудың ең көп тараған түрлері:

денені сулы орамалмен ысқылап сүрту - суық судың температурасы 34-35°С-тан төмен болмағаны жөн. Күн сайын дымқыл орамалмен сүртінгенде 6-7 күннен кейін судың температурасын бір градустан төмендетіп отырып, оны 24-22°С-қа дейін жеткізеді. Денені дымқыл орамалмен ысқылауды және суық сумен жуыну осы температурада 2-3 ай бойы жасайды. Бұдан кейін адамның денсаулығында ешқандай өзгеріс (тыныс алу жолдарының қабынуы, әлсіздік, қалжырау немесе кейгіштік, абыржу, ұйқы қашу, асқа тәбет тартпау) байқалмаса, судың температурасы -22°С шамасында шынығуға көшуге болады, оны әрбір 10 күн сайын 1°С-қа кемітеді, ал дымықыл орамалмен күнделікті сүртіну (суық суға жуынуы) жағдайында судың температурасын 10-12°С -қа (су құбырындағы судың температурасы) жеткізеді;

душ - шынығудың тиімді тәсілі, әсіресе, контрасты (қарама-қарсы) деп аталатын душ қабылдау ( бірақ бұны тек дені сау және едәуір шыныққан адамдар пайдаланған жөн). Бұл тәсілде 3 минуттай уақыт ішінде жылы суды (40°С шамасындағы) бірнеше рет суық сумен алмастырып отырады.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

По данному тексту выполнить 3 задания Өтініш. Қоштасу. Кешірім сұрау «Әдепті дегенше, әдемі десейші» деген мәтел қазақ халқының әдеп сақтау тәлім-тәрбиесінің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан ерекше қасиетті тәлімдік дәстүріне айтылған. Ұлтымыздың үлкеннің кіші алдындағы, кішінің үлкен алдындағы, еркектің әйел алдындағы, әйелдің еркек алдындағы сыпайылық көрсетудің тамаша үлгілері өте көп. Осындай тәлімділік дәстүрдің бірі өтіну, кешірім сұрау, қоштасу. Мысалы, өтініш білдіру сөздері: өтінемін айтып жіберші (-іңізші), қайталашы (-ыңызшы), түсіндірші (-іңізші), берші (беріңізші), әперіп жіберші (жіберіңізші), көрсетші (көрсетіңізші), алып келші (келіңізші), мені күте тұршы (тұрыңызшы), тоқташы (-ңызшы), кіре бер (беріңіз), есікті (терезені) ашшы (ашыңызшы), есікті (терезені) жапшы (жабыңызшы), рұқсат етіңізші, Сізден сұрауға болама екен ? мархабат етіңіз, өтінемін сөзімді бөлмеңізші, сәл тоқтауыңызды өтінемін. т.б. Қоштасу сөздері: Қайта көріскенше! Қайта кездескенше! Кешке дейін сау болып тұрыңыз! Әзірге сау бол (болыңыз)! Жолың (жолыңыз) болсын! Қош бол (-ыңыз), Жақсы демал (-ыңыз)! Хат жазып тұр (-ыңыз)! Аман барып, сау қайтыңыз! Қуанышта кездесейік! Қош-сау болыңыз! Аман-есен болыңыз! Кездескенше күн жақсы! Қуанышта кездесейік! Жолыңыз болсын! Сапарыңыз оң болсын! Кешірім сұрау сөзері: Кешіріңіз! Айыпқа бұйырмаңыз, ренжімеңізші, артық айтсам кешірім өтінемін, ашулана көрмеңізші, көңіліңізге алмаңыз, айтқаныңды орындайын, айтқаныңды екі етпейін, аяғыңа жығылайын, бір ашуыңды берші, тілеуіңді тілейін, оқасы жоқ, ештеңе етпес, қайтер дейсің т.б. Қазақ халқында өтініш білдіру, қоштасу, кешірім сұрау т.б әдептілік сөздері а ң жас ерекшелігіне қарамастан тәртіп, тәрбие жолына үздіксіз әрі үзіліссіз қызмет етіп келеді. 1. Мәтінде берілген өтініш білдіру, кешірім сұрау, қоштасу сөздеріне үш-үштен сөйлем құрыңыз. 2. Берілген тұрақты сөз тіркестері қандай жағдайларға байланысты айтылады /фразеологиялық сөздік бойынша жұмыс жүргізіңіз/. Аяғына жығылды, жүрегі езілді, көңілі босады, қиылып сұрады, ағынан жарылды, қыдыр жолдасың болсын. 3. Қазақ халқының әдеп әліппесіне жататын қандай сөздерді білесіз ? Үлгі: Бір адам көп адамға сәлем беруі керек, орынсыз жерде күлмейді, жасы үлкен кісілердің алдын кесіп өтпейді, т.б.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

rimmatrotskaia303
kirillprotopopov1
ludakamasana
Dodkhobekovich1683
oyudina
vipppp19743355
tkmandarin8376
Лоскутова
pristav9
bykotatyana
Plotnikovangav
asvirskiy26
amramzi
stanefimov
Kornilova